Karga Seven Pictures — Лос Анжелесте орналасқан продюсерлік компания, ол көркем емес (non-fiction) теледидар жобаларына, көркем фильмдер мен жарнамаларға маманданған. Сара Уэзерби (Sarah Wetherbee), Келли МакФерсон (Kelly McPherson) және Емре Шахин (Emre Sahin) негізін қалаған сәттен бастап, яғни 2008 жылдан бері Karga Seven 500 сағаттан астам бағдарламалар өндірген. Олардың қатарына танымал Booze Traveler (Travel арнасы), Hunting Hitler (History арнасы) және Cry Wolfe (Investigation Discovery) сияқты телехикаялар кіреді.

Karga Seven түсірген деректі арнайы бағдарлама — Got Your 6 (MTV арнасында көрсетілген) — Ауғанстаннан оралған жас сарбаздардың өмірі мен күресін көрсетіп, 2015 жылы екі Дэйтайм Эмми сыйлығына ұсынылған. Сол жылы Karga Seven Realscreen’s Global 100 тізіміне еніп, әлемдегі жетекші көркем емес және сценарийсіз контент өндіруші компаниялардың бірі ретінде мойындалды.

Қазіргі уақытта Karga Seven History, Travel, Discovery, Red Bull, Investigation Discovery және MSNBC арналарымен бірге 11 жаңа және жалғастырылып жатқан телехикаялар өндіріп жатыр. Олар 2016 жылдың күзінде өздерінің алғашқы цифрлық (Digital) телехикаясын шығарғалы отыр.

Karga Seven Pictures — Red Arrow Entertainment Group компаниясының бір бөлігі.Қарға Севен Пикчерс жайлы ақпараттар

Команда мүшелері Эмре Шахин, Келли МакФерсон және Сара Уэзерби — Karga Seven-нің негізін қалаушылар және атқарушы продюсерлер болып табылады. Олар Discovery, History, Science, Food Network, Cooking, TLC, Syfy және Travel Channel арналарына 20 жылдан астам уақыт жазып, продюсерлік еткен тәжірибесі бар.

Келли — марапат иесі, екі рет Жазушылар Гильдиясы (Writer’s Guild of America) сыйлығына ұсынылған продюсер. Ол Food Network арнасындағы Ace of Cakes деректі телехикаясының атқарушы продюсері болды. Сара мен Эмре History арнасындағы Cities of the Underworld жобасын жасап, режиссерлік етіп, продюсерлік етті. Бұл жоба History арнасындағы ең көп қаралған 5 жобаның қатарына кірген. Эмре — марапат иеленген режиссер. Ол Стамбулда түсірілген 40 атты көркем фильмді жазып, режиссерлік еткен. Бұл фильмді Сара да продюсер ретінде түсірген. Фильм Солтүстік Америкада алғаш рет Торонто халықаралық кинофестивалінде көрсетілді. 40 — Эмренің Canta атты марапатты қысқаметражды фильмінен кейінгі туындысы.

Трейси Бакал 2013 жылы Karga Seven Pictures компаниясына Өндіріс бойынша аға вице-президент ретінде қосылды және қазіргі уақытта Бас директор (CEO) әрі өндіріс бойынша SVP қызметін атқарады. Аустралия тумасы Бакал FremantleMedia Melbourne компаниясында әртүрлі форматтар бойынша өндірісті басқарған. Оның жұмыстарының қатарында Australia’s Got Talent, The X Factor – Australia, Project Runway Australia және Blue Heelers, Stingers атты көркем телехикаялар бар. Соңғы уақытта ол CBS арнасындағы Let’s Make A Deal шоуының өндіріс жетекшісі болды.About us

Жобалары Karga Seven Pictures Қазақстандық компаниялармен, тарихшылармен бірігіп «The Golden Empire» (Алтын Империя) атты сериялды түсіреді. Сериял бүгінгі Қазақстанға негіз болған Жошы ұлысының негізін қалаушы Жошы ханның өмірі жайлы баяндайды. Сериялға арналған локациялар толықтай Қазақстаннан таңдалды, актерлердің де көбі қазақстандық актерлер. Сериял халықаралық нарыққа көзделген, сондықтан толықтай ағылшынша түсіріледі, және Netflix платформасына шығару идеясы бар.

Дереккөздер