Косовоның дәстүрлі киімдері — Косоволықтардың күнделікті және мерекелік киім жиынтығы.

Косовоның дәстүрлі киімдері Албанияның дәстүрлі киіміне өте ұқсас. Киімнің 200-ден астам түрі мен киім кию стилі бар. Бұрын Косово Сербияның бір бөлігі болды. Сербия мен Албания сияқты Косово мұрасы да осы елдердің және Шығыс Еуропаның басқа көршілес мемлекеттерінің мәдени ықпалының жемісі болып табылады.

Ерлер киімі Бұрынғы ерлердің киімі сұлулықтың символы болған. Бұл киімге жейде, ерлер киетін ұзын шалбар (тирке) және шарф болды. Ересектердің киімдерінің арасында тұрмыс жағдайына байланысты айырмашылықтар болды. нобай|оңға|200px|Ерлер киімі Митан, Жамадан Ерлер киімінің аз ғана бөлігі сақталған. 1914 жылға дейін танымал киімдердің бірі, «фустанель» (килт түрі) костюмі болды. Ең танымал киім «тирка» болды — жүннен жасалған ұзын ақ шалбар. Тиркалардың белі, қалта тұсы және ұзындығы қара тігіспен безендірілді. Жейделердің жағалары Т-тәрізді, ал жеңдері қарапайым ақ кестемен безендірілген. Ер адамдар белінен жоғары қарай әдетте ақ түсті, жилет (көкірекше) немесе хамадан киді. Жігіттердің киімдері ақшылырақ және кестелері көп болды, ал үлкендердікі қою күрең түсті болды. Жастар мен егде жастағы ерлердің жейделерінің ені мен ұзындығы әртүрлі болды. Олардың ең маңызды киімі гожуфи болды, ол қой терісінен тігілген кеудеше түрінде болды, ол жеңсіз және кейде ұзындығы тізеге дейін болды.

Бастарына барқыттан, жүннен тоқылған қалпақ және бас пен мойынды жауып тұратын шарф таққан. Кейбір адамдар бұрын қысқа шұлықтар киген. Жасы кішілердің киетін шұлықтарының түсі әртүрлі болса, үлкендердің киетін шұлықтары қарапайым болды. Ерлер ақ жүннен жасалған шұлық, мал терісінен тігілген аяқ киім киген. Олар жүн мен өгіз терісінен, ал мокасиндер қой терісінен жасалды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мокасиндер мақтадан жасала бастады.

Басқа керек-жарақтарға кистек, алтын шынжыр, қалта сағаты, оюланған оттығы бар темекі қорабы және әртүрлі күміс сақиналар болды. Белгілі бір мәртебені, әлеуметтік жағдайланын білдіретін белгілері болды. Мысалы, тиркадағы 3 алтын жіп бойдақтықты білдірсе, 12 алтын жіп некені, ал 24 алтын жіп байлық пен күшті білдіреді және көп жағдайда егде адамдарда кездеседі.

Дәстүрлі киім 1950 жылдарға дейін күнделікті өмірде кеңінен қолданылды. Оның орнын әсіресе жастар арасында, батыстық киімдер басты. Дәстүрлі киімдердің жекелеген элементтерін бүгінгі күні де егде жастағы адамдар күнделікті өмірде, фольклорлық ұжымдарда және ерекше жағдайларда киеді.

Әйелдер киімі нобай|оңға|200px|Әйелдер киімі Әйелдер киімі Косово аймақтарында ер адамдарға қарағанда жақсы сақталған. Әйелдер киімдерінің аймақтық өзгерістері бар.

Ең танымал киім «пештжеллак» (pështjellak) деп аталды, ол ұзын ақ көйлек пен алдыңғы және артқы екі ақ алжапқыштан тұрады. "Pështjellaku i parmë" немесе алдыңғы алжапқыш көйлек сияқты ұзын болды және әйелдің жамбас өлшеміне сай етіп кесілген. "Pështjellaku i pasëm", артқы алжапқыш алдыңғыға қарағанда сәл қысқа болды. Бұл киімнің басқа компоненттері: «tëlina't» (дәстүрлі іш киім), «jeleku» - кестеленген қысқа кеудешеге ұқсайды, «shokë» - белге байланған үлкен жүн мата. Әйелдер арасында алтын және күміс алқалар, білезіктер, сақиналар сияқты аксессуарлар өте танымал болды. Шұлықтар дәстүрлі түрде қара түсті және әртүрлі жануарлардың терісінен жасалған аяқ киіммен киіледі.

Тағы бір танымал киім хублет (Xhubleta) — иығына екі баумен бекітілген және ұзын жеңді, көйлек үстіне киетін белдемше. Оның құрылымы әдетте барқыт қара белдіктерден тұрады. Хублет киімі Ругова облысында (Батыс Косово Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін киілді.

Дукагджини Вешья мен Дукагджинит көбінесе Косово киімдерінің ішіндегі ең әдемісі деп аталады. Ол ұзын жеңді ақ көйлектен тұрды. Әйелдер белден жоғары алтын жіптермен әшекейленген, алдыңғы жағы ашық, әдемі ілмектермен бекітілген жеңсіз жилет киген.

Хаса Косоводағы ерекше киім түрлерінің бірі болып табылады. Негізінен Оңтүстік аймақтың киімдері, бұл киім бүгінгі күнге дейін кең таралған. Негізгі құрамдас бөліктері: қысқа ақ көйлек және толық ұзын ақ зығыр көйлек. Көкірекше моншақтармен безендірілген, көбінесе қызыл түсті. Ресми мерекелерде олар моншақтармен безендірілген шағын қалпақ киді.

Дереккөздер

Санат:Косово мәдениеті