Байырқұм — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл, Байырқұм ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Арыс қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 70 км-дей жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында. Ауылдың оңтүстік-шығысында Байырқұм көлі бар.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен30732622 2688 102,5 1329 1382 104 1293 1306 101
Тарихы 1989 жылға дейін Шардара ауданының Тақыркөл ауылдық кеңесінің орталығы болып келді. Іргесі ауыл шаруашылығын ұйымдастыру кезінде құрылған Микоян атындағы мал, егін өсіретін ұжымшар болып қаланып, 1940 жылы қаракөл қойын өсіретін «Байырқұм» кеңшары болып қайта құрылды. 1962 жылдан бұхарлық сұр түсті қаракөл қойын өсіреді. Кеңшар тарағаннан кейін оның негізінде ұйымдастырылған «Байырқұм» асыл тұқымды зауытында – қаракөл қойының бұхарлық сұр зауыттық түрі шығарылады. Кеңшар негізінде 8 ӨК, 153 шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Байқұрымда орта мектеп, клуб, аурухана, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер
Санат:Арыс қалалық әкімдігі елді мекендері