200px|нобай|оңға|Пеле (1965) Едсон Арантес до Насименто (; 21 қазан немесе 23 қазанПаспортында 21 қазан деп тұрғанымен спортшы 23 қазанда туылдым дейдіТейшера: благодарим Пеле за все выигранные трофеиВечно молодой 1940 жыл, Трес-Корасойнс, Минас-Жерайс — 29 желтоқсан 2022 жыл), немесе Пеле () — әйгілі бразилиялық футболшы, XX ғасырдың үздік футболшысы, үш дүркін әлем чемпионы (1958, 1962, 1970). Пеле Халықаралық олимпиада комитетiнің ұйғарымы бойынша XX ғасырдың спортшысы деп мойындалды.Pele tops World Cup legends poll BBC News. Retrieved 12 маусым 2010Pelé "es el mejor" BBC News. Retrieved 1 мамыр 2011Acerca de ... Pelé FIFA.com. Retrieved 1 мамыр 2011Over 50 per cent of Goal.com UK readers believe Brazilian legend Pele was a greater player than Diego Maradona Goal.com. Retrieved 1 мамыр 2011Beckenbauer: "Pelé es el mejor del mundo" La Cuarta Deportiva. Retrieved 1 мамыр 2011World Soccer Players of the Century England Football Online Retrieved 1 мамыр 2011THE LIST: The greatest players in the history of football Daily Mail. Retrieved 1 мамыр 2011 "Сантос" және "Нью-Йорк Ғарыш" клубтарында ойнаған. Бразилия құрамасында 92 матч өткізіп 77 гол соққан.

Әлем чемпионатын ойыншы ретінде ұтқан рекордшы — үш титулға қол жеткізген. Төрт рет әлем чемпионатын қатысқан. 1970 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы. 1958 жылғы әлем чемпионатының ең үздік жас футболшысы. Оңтүстік Америкадағы Жыл футболшысы (1973). Екі рет әлем чемпионаттарының символдық құрамалары мүшесі болды.

Футболшылық ғұмыры

Клубтық мансабы Пеле кәсіпқой карьерасын 1956 жылы "Сантоста" бастады. Қыркүйек айында "Коринтиансқа" қарсы ойында алаңға шықты да, гол соқты.

Сантос сапында ойнаған 18 маусымда (1956-74) 11 рет Сан-Паулу чемпионы атанып, осынша рет турнирдің үздік мергені атанды. Және де екі рет Құрлықаралық кубок иегері атанды.

1975 жылы АҚШ-тың "Нью-Йорк Космос" клубымен шарт жасасты. Оның АҚШ-қа баруы үлкен сенсация болды. Пеленің баруымен ол жақта да футбол кәдімгідей №1 спорт түріне айнала бастады.

Екі жылдан соң футболмен мүлде қоштасты. Қоштасу матчында "Сантос" пен "Нью-Йорк Космос" командалары кездесіп, Пеле екі жақта бір-бір таймнан ойнады.

Ұлттық құрамада Бразилия құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 1957 жылы өткізді. 1958 жылғы әлем чемпионатында Пеле алты доптың авторы атанды, тұңғыш голын 1/8 финалда Уэльстің қапасына енгізді. Ал жартылай финалда Францияның қақпасына хет-трикті бір-ақ тоғытты. Финалда Швецияға екі доп енгізіп, әлем чемпионы атанды.

1962 жылғы турнирде бір ғана матчта ойнап, жарақатының кесірінен қалған матчтарға қатыса алмады, соған қарамастан әлем чемпионы атанды. 1966 жылғы әлем чемпионатында да осылай болды, жарақатынан толық айыға алмады да, онысы құраманың ойынына да әсер етіп, Бразилия топтық турнирден оза алмады.

1970 жылғы чемпионатта Пеле барынша жарқырады. Бразилия үшінші рет чемпион атанды. Пеле бұл турнирде төрт гол соқты (соның біреуін финалда Италияға).

1971 жылы Пеле құрамадағы карьерасын аяқтады.

Футболдан кейінгі өмірі

1995 жылы Бразилия спорт министрі боп тағайындалды. 2000 жылы Пеле ЮНЕСКО өкілі атанды. 2006-2008 жылдары «Сантостың» бапкерлер штабында жұмыс істеді.

Жеке өмірі 1966 жылы Пеле Роземери дос Рейс Шолбиге үйленді. Екеуінің үш перзенті болды:Келли Кристину (1967), Эдсона (1970) и Женнифер (1978). 1982 жылы екеуі ажырасты.

1994 жылы Пеле екінші рет Ассирия Лемос Сейшасқа үйленді. Олардың Жошуа және Селесте атты егіз балалары болды. Бірақ 2008 жылы тағы ажырасты.

2016 жылы 75 жасында үшінші рет жапон ұлтының өкілі Марсия Сибели Аокиге үйленді. Жетістіктері Клубтық Сантос Бразилия чемпионы (6): Бразилия кубогы (5): 1961, 1962, 1963, 1964, 1965 Робертан кубогы: 1968 Паулиста Лигасының жеңімпазы (10): 1958, 1960, 1961, 1962, 1964, 1965, 1967, 1968, 1969, 1973 Рио—Сан-Паулу турнирінің жеңімпазы (4): 1959, 1963, 1964, 1966 Либертадорес (2): 1962, 1963 Континентаралық кубок (2): 1962, 1963 Континентаралық суперкубок: 1968

Нью-Йорк Космос

САФЛ чемпионы: 1977 Ұлттық құрама

Әлем чемпионы(3): 1958, 1962, 1970 Төрт әлем чемпионатының қатысушысы (4): 1958, 1962, 1966, 1970 Рока кубогы: 1957, 1963 Жеке жетістіктері Әлемнің үш дүркін чемпионы атанған жалғыз футболшы: 1958, 1962, 1970 Төрт бірдей әлем чемпионатында ойнаған үш футболшының бірі: 1958—1970. 1969 жылы 19 қарашада карьерасындағы 1000-шы голын соқты. Бразилия құрамасының үздік мергені: 77 гол Оңтүстік Америкадағы жыл футболшысы: 1973 ФИФА-100 тізімінде бар ХОК сараптамасы бойынша ғасыр спортшысы: 1999 ФИФА версиясы бойынша жүзжылдықтағы үздік футболшы

Фильмография Жеңіске деген құлшыныс Бұл Пеле Пеле: Аңыздың пайда болуы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер "Большой футбольная энциклопедия" жинағындағы Пеле жайлы мақала Бразилия сапындағы Пеленің голдары Пеленің голдары жайлы толық статистика

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Нью-Йорк Ғарыш (1970—1985) ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Британ империясы орденінің рыцар-командорлары