Әскер, күш түрлерінің, арнайы жасақтардың маршалы () — КСРО Қарулы Күштеріндегі жеке әскери атақтардың тобы: артиллерия маршалы (әскер түрлері), авиация маршалы (күш түрлері), құрышты танк әскерлердің маршалы (әскер түрлері), инженерлік әскерлер маршалы (арнайы жасақ), байланыс әскерлері маршалы (арнайы күштер).

thumb|right|200px|Әскер түрлерінің маршалы және бас маршалының Маршал жұлдызы Қарулы күштердің запасындағы немесе отставкадағы әскер түрлері, күштері, арнайы жасақтар маршалының әскери атағына «запас» (мысалы, запастағы байланыс әскерлерінің маршалы) немесе «отставкада» (мысалы, Отставкадағы авиация маршалы) деген сөздермен толықтырылды. Әскер түрлері мен арнайы күштер маршалы және Авиация маршалының жеке әскери атақтары Армия генералының жеке әскери атағымен шамамен тең болды.

Атақтың түзілуі Әскер мен күш (артиллерия, авиация, құрышты танк әскерлері) түрлерінің маршалы атағы КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1943 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығымен енгізілді. Сонымен қатар, 1943 жылғы 9 қазанда арнайы жасақ маршалы атағы енгізілді: инженерлік әскерлер және байланыс әскерлері. Бұл бес атақ жалпыәскери шен армия генералына сәйкес келді. Бұған дейін 1940-1943 жылдары әскер (күш) мен арнайы жасақтардың түрін көрсететін жоғары әскери атақтар «артиллерия генерал-полковнигі», «авиация...» т.б. болды.

thumb|right|100px|Әскер түрлерінің танымбелгісі жоқ түздік иық белгісі (1943—1955) Бұл атақтардың құрылуына жалпыәскери генералдық атақтарға сәйкес британдық «маршал» Әскери-әуе күштерінің шендері («Патшалық ӘӘК маршалы», «Бас маршал», «маршал», «вице-маршал») емес, КСРО Қарулы Күштерінің кеңеюі (ЖШҚӘ «басты (негізгі)» әскер (күш) түрлері және арнайы жасақтары бөлінді, олардың іс-әрекеттеріндегі сәттілік әскери қимылдарға байланысты болды) әсер етті. Сонымен қатар, осы кеңестік шендер жүйесінің өзі қару-жарақ салаларының бүтін генералдарына берілетін дәстүрлі шендер жүйесінен (әскери лауазымдар – әскери шен) бастау алады: «артиллерия генералы», «атты әскер генералы», «инженер-генерал». 1917 жылдың қазан айына дейін аталған генералдық шендер орыс армиясында болды; шығу тегі неміс болғандықтан, олар 1940-жылдары неміс қарулы күштерінде (вермахт) болды.

кіші әскери шен:Генерал-полковник 35pxӘскер түрлерінің маршалы жоғарғы әскери шен:Әскертүрлерінің бас маршалы

Айырым белгілері 220px|thumb|Авиация маршалының мерекелік киім үлгісіне арналған иық белгісі (1955—1974). 220px|thumb|Артиллерия маршалының мерекелік киім үлгісіне арналған иық белгісі (1955—1974). 220px|thumb|Құрышты танк әскерлері маршалының мерекелік киім үлгісіне арналған иық белгісі (1955—1974). 220px|thumb|Инженерлік әскерлер маршалының мерекелік киім үлгісіне арналған иық белгісі (1955—1974). 220px|thumb|Байланыс әскерлері маршалының мерекелік киім үлгісіне арналған иық белгісі (1955—1974).

1943 жылы 6 ақпанда бекітілген әскер, күш түрлері және арнайы жасақтар маршалдарының айырым белгілері армия генералдарының айырым белгілерінен ерекшеленді: әскер, күш түрлері және арнайы жасақтар маршалдарының иық белгілерінде бір қатарлы төрт жұлдыздың орнына үлкен жұлдыз және әскер (күш) түрлері мен арнайы жасақ танымбелгісі — Кеңес Одағы Маршалдарының иық белгілеріндегідей бір үлкен жұлдыз және КСРО елтаңбасы бейнеленген болатын. КСРО Қорғаныс Халық Комиссарының 1943 жылғы 26 қазандағы бұйрығымен әскер, күш түрлері және арнайы жасақтар маршалдарының иық белгілеріндегі жұлдыздың диаметрі 50-ден 40 мм-ге дейін қысқартылды. Мойынға Кеңес Одағы Маршалдарының жұлдызынан ерекшеленетін Маршал Жұлдызының ерекше түрі - сәулелер арасында гауһар тастары жоқ және диаметрі сәл кішірек; таспадағы түсі әскер түріне байланысты әртүрлі болды. Ақырында осындай Маршал жұлдызын флот адмиралдары (1962) және армия генералдарына (1974) киюді тапсырды. Армия генералдарының иық белгілері танымбелгілерін қоспағанда, әскер түрлері маршалдарының иық белгілеріне тұтастай ұқсас болды.

Атақты иелену Әскер, күш түрлерінің және арнайы жасақтың бірінші маршалы осы атақтар тобын енгізілген соң екі күннен кейін артиллерия маршалы Николай Николаевич Воронов болды (18 қаңтар 1943). Сол 1943 жылы авиаторлар А. А. Новиков (17 наурыз) және А. Е. Голованов (3 тамыз) та маршал болды. 1944 жылы 21 ақпанда Воронов пен Новиков бірінші болып Әскер түрлерінің бас маршалдары ретінде тағайындалды. Сол күні П. А. Ротмистров пен Я. Н. Федоренко танк маршалдары, М. П. Воробьев инженерлік әскерлердің маршалы және И. Т. Пересыпкин байланыс әскерлерінің маршалы атақтарын алды.

Одан кейінгі жылдары әскер (күш) түрлері және арнайы жасақтардың тиісті жоғарғы басшылығына, ірі әскери бөлімдердің қолбасшылығына, әскери оқу орындарының басшыларына әскер (күш) түрлері және арнайы жасақтардың маршалы атағы, ал авиация маршалы атағы, сонымен қатар, атақты ҰОС ұшқыштарына, кейінірек басқа лауазымдарда қызмет еткендерге (Покрышкин, Скоморохов, Кожедуб) берілді.

Әскер (күш) түрлері және арнайы жасақ маршалы атағын: авиация маршалы — 32 қолбасшы (оның ішінде жетеуі кейін Авиацияның бас маршалы атағын алды), артиллерия маршалы — 13 (оның ішінде үшеуі кейінірек — бас маршал болды; артиллерия бас маршалы В. Ф. Толубко — Әскер түрлерінің бас маршалы атағы берілгенге дейін дәл осы әскерлердің маршалы атағын емес, жалпыәскери армия генералы атағында болды), құрышты танк әскері — 8 (оның ішінде екеуі — Бас маршал), инженерлік әскерлер — 6, байланыс әскерлері — 4. Инженерлік және байланыс әскерлері - арнайы жасақтарында — бірде-біреуі Бас маршал атағын алмады.

Әскер (күш) түрлері мен арнайы жасақтың ең жас маршалдары 39 жастағы авиатор А. Е. Голованов (1943) және байланысшы И. Т. Пересипкин (1944) болды; келесі жылы Голованов ең жас Бас маршал атанды.

Әскер түрлерінің маршалдары басқа да жоғарғы қолбасшылар сияқты қуғын-сүргінге ұшырап, олардың кейбірінің тағдыры қайғылы аяқталды: авиация маршалы Худяков ату жазасына кесілген, авиацияның бас маршалы Новиков, бес жылдың (сот үкімі бойынша) орнына алты жылға жуық түрмеде отырып, 1952 жылы ақпанда босатылды, артиллерия маршалы Яковлев (түрмеде бір жыл қамалып, Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана бостандыққа шықты); кейінірек, Хрущевтің кезінде — артиллерияның бас маршалы Варенцов болса, Пеньковский ісіне байланысты әскери марапаттарынан айырылып, лауазымы төмендетілді. Сонымен қатар, әскер түрлерінің екі маршалы — Неделин мен Харченко — қызметтік міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан қаза тапты.

Атақтың алынып тасталуы КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1984 жылғы 26 сәуірдегі «КСРО Қарулы Күштері офицерлік құрамның әскери атақтары туралы» № 89-XI Жарлығымен құрышты танк әскерлері маршалы атағы КСРО ҚК әскери атақтарының тізімінен алынып тасталды.

Әскер (күш) түрлері және арнайы жасақтардың маршалы әскери атағы соңғы рет 1991 жылы тамызда КСРО қорғаныс министрі Евгений Иванович Шапошниковке (авиация маршалы) берілді.

Ресей Федерациясының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы (1993 жылғы 25 наурыздағы № 4455-I) әскер (күш) түрлері және арнайы жасақтардың барлық бөлімдеріндегі генералдық атақтардың жүйесін бірыңғайландырды: авиация маршалы, артиллерия маршалы, инженерлік әскерлер маршалы, байланыс әскерлері маршалы, Бас маршал атақтары Ресей Қарулы Күштеріндегі әскери атақтарының тізімінен алынып тасталды, ең жоғары «генералдық» атақ армия генералы, ал ең жоғары «маршалдық» атақ Ресей Федерациясының маршалы болды.

Әскер түрлерінің маршалы атағын алған соңғы қолбасшы (отставкадағы авиация маршалы) 2020 жылы 8 желтоқсанда қайтыс болған Е. И. Шапошников болды.

Айлығы «Әскер түрлері мен арнайы жасақ маршалы», «әскер түрлерінің бас маршалы», «авиация маршалы» және «авиацияның бас маршалы» — әскери атағына, запаста немесе отставкадағы әскери қызметшіге арналған бұрынғы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалған айлық жалақысы 2019 жылы 27 000 рублді құрады. Сонымен қатар, дәл осындай айлық «армия генералы» әскери атағына да белгіленді.

Әскер (күш) түрлері және арнайы жасақ маршалдарының тізімі Артиллерия маршалдары Николай Николаевич Воронов — 18 қаңтар 1943, Артиллерия бас маршалы (1944) Николай Дмитриевич Яковлев — 21 ақпан 1944, 1952—1953 жылдары атақтан айырылды Михаил Николаевич Чистяков — 25 қыркүйек 1944 Митрофан Иванович Неделин — 4 тамыз 1953, Артиллерия бас маршалы (1959) Сергей Сергеевич Варенцов — 11 наурыз 1955, Артиллерия бас маршалы (1961), генерал-майор атағына дейін төмендетілді (1963) Василий Иванович Казаков — 11 наурыз 1955 Константин Петрович Казаков — 28 сәуір 1962 Юрий Павлович Бажанов — 18 маусым 1965 Павел Николаевич Кулешов — 28 қазан 1967 Георгий Федотович Одинцов — 22 ақпан 1968 Георгий Ефимович Передельский — 5 қараша 1973 года Ефим Васильевич Бойчук — 4 қараша 1980 Владимир Михайлович Михалкин — 15 ақпан 1989

Авиация маршалдары Александр Александрович Новиков — 17 наурыз 1943, Авиация бас маршалы (1944) Александр Евгеньевич Голованов — 3 тамыз 1943, Авиация бас маршалы (1944) Федор Алексеевич Астахов — 19 тамыз 1944 Григорий Алексеевич Ворожейкин — 19 тамыз 1944 Николай Семенович Скрипко — 19 тамыз 1944 Федор Яковлевич Фалалеев — 19 тамыз 1944 Сергей Александрович Худяков (Ханферянц, Арменак Артемович) — 19 тамыз 1944 Семен Федорович Жаворонков — 25 қыркүйек 1944 Константин Андреевич Вершинин — 3 маусым 1946, Авиация бас маршалы (1959) Павел Федорович Жигарев — 3 тамыз 1953, Авиация бас маршалы (1955) Сергей Игнатьевич Руденко — 11 наурыз 1955 Владимир Александрович Судец — 11 наурыз 1955 Степан Акимович Красовский — 8 мамыр 1959 Евгений Яковлевич Савицкий — 6 мамыр 1961 Филипп Александрович Агальцов — 28 сәуір 1962 Евгений Федорович Логинов — 28 қазан 1967 Павел Степанович Кутахов — 21 ақпан 1969, Авиация бас маршалы (1972) Иван Иванович Борзов — 16 желтоқсан 1972 Александр Иванович Покрышкин — 16 желтоқсан 1972 Борис Павлович Бугаев — 5 қараша 1973, Авиация бас маршалы (1977) Георгий Васильевич Зимин — 5 қараша 1973 Александр Николаевич Ефимов — 29 сәуір 1975 Иван Иванович Пстыго — 29 сәуір 1975 Александр Петрович Силантьев — 19 ақпан 1976 Александр Иванович Колдунов — 28 қазан 1977, Авиация бас маршалы (1984) Григорий Петрович Скориков — 4 қараша 1980 Николай Михайлович Скоморохов — 2 қараша 1981 Петр Семенович Кирсанов — 16 желтоқсан 1982 Анатолий Устинович Константинов — 30 сәуір 1985 Иван Никитович Кожедуб — 6 мамыр 1985 Александр Никитович Волков — 15 ақпан 1989 Евгений Иванович Шапошников — 26 тамыз 1991

Құрышты танк әскерлері маршалдары Павел Алексеевич Ротмистров — 21 ақпан 1944, Құрышты танк әскерлері бас маршалы (1962) Яков Николаевич Федоренко — 21 ақпан 1944 Семен Ильич Богданов — 1 маусым 1945 Павел Семенович Рыбалко — 1 маусым 1945 Михаил Ефимович Катуков — 26 қазан 1959 Павел Павлович Полубояров — 28 сәуір 1962 Амазасп Хачатурович Бабаджанян — 28 қазан 1967, Құрышты танк әскерлері бас маршалы (1975) Олег Александрович Лосик — 29 сәуір 1975

Байланыс әскерлері маршалдары Иван Терентьевич Пересыпкин — 21 ақпан 1944 Алексей Иванович Леонов — 6 мамыр 1961 Андрей Иванович Белов — 5 қараша 1973 Николай Николаевич Алексеев — 25 қазан 1979

Инженерлік әскерлер маршалдары Михаил Петрович Воробьев — 21 ақпан 1944 Алексей Иванович Прошляков — 6 мамыр 1961 Виктор Кондратьевич Харченко — 16 желтоқсан 1972 Арчил Викторович Геловани — 28 қазан 1977 Сергей Христофорович Аганов — 7 мамыр 1980 Николай Федорович Шестопалов — 6 мамыр 1981

Сілтеме «КСРО Қарулы Күштері офицерлік құрамының әскери атақтары туралы» КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1984 жылғы 26 сәуірдегі № 89-XI Жарлығы

Санат:КСРО Қарулы Күштерінің әскери атақтары