Новые Турдаки (, ) — ауыл, Кочкурово ауданындағы ауыл әкімшілігінің орталығы. 2001 жылғы санақ бойынша халық саны — 578 адам, көбіне эрзялар.

Ауыл Вьяс өзенінің бойында, аудан орталығынан 18 километр жерде, Воеводское темір жол стансасынан 7 километр жерде орналасқан. XVII ғасырдың соңынан XVIII ғасырдың басына қарай Новые Турдаки Старые Турдакиден бөлінген болатын. «Пенза губерниясы елді мекендерінің тізімі» (1869) бойынша Новые Турдаки — Саранск уезінің 126 ауласы бар қазыналық ауылы; 3 диірмені, 3 май піскіші болатын. 1894 жылы Новые Турдакиде 215 аула (1414 адам) және жұмыс істейтін мектеп бар еді.

Ауылда 1930 жылдары «» («Жаңа өмір») және «» («1 мамыр») колхоздары, 1950 жылы «» («Жеңіс») ірілендірілген шаруашылығы, 1989 жылы 9 ферма қожалығы (ең ірілері: «», «», «», «», «», «») құрылды. Қазіргі ауылда орта мектеп, аудандық кітапхананың филиалы, Мәдениет үйі, медициналық пункт, дүкен бар. Новые Турдаки ауыл әкімшілігіне Новая Тягловка ауылы (110 адам; жазушы Михаил Брыжинскийдің туған жері) кіреді.

Новые Турдаки — Фёкла Беззубова, Семён Батяев пен өзге де тарихи тұлғалардың туған ауылы.

2010 жылғы санақта халық саны 419 адам делінген.

Әдебиет «Мордовия» энциклопедиясы, О. В. Дулкин

Дереккөздер

Санат:Кочкурово ауданы елді мекендері