Достлуг (, ) — Әзербайжан мен Түрікменстан арасындағы теңіз шекарасында орналасқан, 1986 жылы ашылған шельфтік мұнай-газ конденсаты кен орны.

2021 жылғы 21 қаңтарда көмірсутек ресурстарын бірлесіп барлау, игеру және пайдалану жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылғанға дейін, бұл кен орнын Әзербайжан «Кяпаз», ал Түрікменстан «Сердар» деп атаған. Ұзақ уақыт бойы кен орны Әзербайжан мен Түрікменстан арасындағы даудың нысаны болды. Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының (ГНКАР) пікірінше, Кяпаз кен орны Каспийдің әзербайжандық секторында орналасқан және Әзербайжанға тиесілі. Ал Ашғабат бұл кен орнын Түрікменстанға тиесілі деп мәлімдеген.

2021 жылғы 25 ақпанда кен орнын барлау, игеру және пайдалануға қатысты үкіметаралық келісімді әзірлеу мақсатында бірлескен жұмыс тобы құрылды.

Қоры Болжам бойынша, бұл кен орнында шамамен 60 миллион тонна мұнай және 100 миллиард текше метр табиғи газ бар. Кейбір өзге дереккөздер мұнай қоры 200 миллион тоннаға дейін жетуі мүмкін екенін айтады.

Дереккөздер

Санат:Түрікменстан кен орындары Санат:Әзербайжан кен орындары