Кірөзек — Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағатын өзен, Қопаның оң салаларының бірі.
Сипаттамасы
Географиясы Ұзындығы 20 шақырымКірөзек .
Кірөзек шатқалының солтүстігіндегі қырат-жоталардан (Алматы - Тараз тас жолының солтүстүгінде) басталып, солтүстікке қарай ағады. Қопа ауылынан 4 шақырым төменде Қопа өзеніне құяды.
Қар-жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Арнасы жаз, күз айларында құрғап қалады. Су мол жылдары Беріктас арнасынан тасыған сулар келіп құйылатын, қазір ол арналар орны егістікке пайдаланылады. Суы лайланып ағады. Сағасына бір шақырым қалғанда Жанжігіт өзені келіп қосылады. Жағасында бірнеше қыстақтар, мал жайылымдары бар. Дереккөздер
Сілтемелер
Топографиялық карта: k-43-04
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері