Ленин жолымен () — эрзя қоғамдық-саяси газеті. Бұл газет эрзя тілінде, Саранскіде басылатын.

Шығарылымы Газет Мордва АКСР-да (қазіргі Мордовия) 1931 жылғы қаңтардан 1941 жылға дейін жарық көретін. Коммунистік партиялар газеттерінің бүкілодақтық бюросы шешімінше ол эрзя тілінде, 5 күнде бір рет басылатын болды. Газеттің мақсаты эрзя жастарын КОКП идеяларына даярлау еді.

Газеттің редакциясы Саранскідегі Володарский көшесі, 34-үйде орналасатын. Тұңғыш жылдарында газетте қызметкерлер жетпейтін.

Тиражы мен таралуы Газеттің мақсат аудиториясы мен оқырмандары жұмысшылар, шаруалар, БЛКЖО қызметкерлері мен жастар еді. 1935 жылы газеттің жалпы тиражы 2 160 данаға жетті де, 1940 жылы бұл сан 3 000-ға көтерілді. Бас редакторы В. Кузьмин болса, орынбасарлары Ю.Лопаев, В.Захаров, А.Щеглов еді.

1931–1941 жылдары «Ленинэнь киява» атауымен бірнеше газет жарық көрген болатын: «Ленинэнь киява» (Клявлино, Самара облысы; 1937–1941), БК(б)П Клявлино аудандық комитеті депутаттарының және жұмысшылар кеңестерінің газеті «Ленинэнь киява» (Козловка, Атяшево ауданы, Мордовия; 1937–1945), РК(б)П Козловка аудандық комитеті депутаттарының және жұмысшы кеңестерінің газеті, Козловка ауылы «Ленинэнь киява» (Саранск, Мордовия; 1931–1941, 1935–1941), БЛКЖО Мордва облыстық комитетінің және Саранск қалалық комитетінің газеті

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша газеттер Санат:1931 жылдан шыға бастаған баспасөз басылымдары Санат:1931 жылы жабылған баспасөз басылымдары Санат:Мордовия газеттері Санат:Эрзя тіліндегі газеттер