Пурус () — өзен, Амазонканың оң саласы. Ұзындығы шамамен 3200 км. Бассейннің ауданы 365 000 км², орташа су шығыны 8400 - 12 600 м³/с.
Сипаттама Ол Перудегі Анд тауларының шығыс етегінен басталып, ылғалды экваторлық ормандар аймағында Амазонка ойпаты арқылы ағады. Анори (Бразилия) елді мекенінен төменірек Амазонкаға құяды.
Өзен сағасында Ананас пен Консиенсия аралдарына қарама-қарсы шығатын көптеген тармақтарға бөлінеді. Оның 3211 км жолының көп бөлігі кеме қатынасына жарамды, сонымен қатар оның жағалауында пайда болған көптеген көлдер бар. Төменгі ағысында орташа жылдық су шығыны 6830 м3/с (жылдық ағын көлемі 216 км3). Ең суы мол айлар мамыр-маусым, ең аз айлар қазан-қараша. Бір кездері Коксиуаре деген атпен белгілі болған өзен - әлемдегі ең бұралаң ағындардың бірі болып табылады.
Флора, фауна Ылғалды экваторлық ормандар орналасқан. Мұнда ең әдемі аквариум балығы көк дискус (неон) және балықтың 2 мың түрі, 1 мың 500-ге дейін гүлдер мен 750 ағаш түрі, 400 құс және 125 түрлі жануарлар түрі бар.
Салалары Негізгі салалары: Чандлес, Иаку, Акри, Итуши, Мари, Мукуин (оң жақта); Санта-Роза, Инауйни, Пауйни, Мамория, Тапауа (сол жақта).
Галерея
Дереккөздер
Санат:Перу өзендері Санат:Амазон салалары