Юрий Анатольевич Кудинов (17 мамыр 1946, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері.
Өмірбаяны Юрий Анатольевич Кудинов 1946 жылы 17 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы Юрий Кудинов еңбек жолын Лениногорск қаласындағы «Лениногорскмырышқұрылыс» тресті кәсіпорнында бастап, 20 жыл ішінде механиктен бастап бас инженерге, трест басқарушысына дейін көтерілді. Осы жылдардың ішінде 11 жылында трест басқарушы болды.
1995 жылдың желтоқсанынан 1997 жылға дейін Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды.
2004-2008 жылдар аралығында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Марапаттары Еңбек жолында Кудинов Ю.А. «Қазақстан Республикасының экология қаласына 30 жыл»; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»; «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалдарымен марапатталған.
Риддер қаласының Құрметті азаматы.
Дереккөздер
Санат:Өскемен әкімдері Санат:Риддердің құрметті азаматтары