Бурят тілі (Buryat language) — алтай тілдер отбасының моңғол тобына кіреді, ерін үндестігі (сингармонизмі) бар жалғамалы (агглютинативті) тілдерге жатады. Бурятия Республикасының мемлекеттік тілі (Конституция 1994, Тілдер туралы Заң 1996).

Референтті халық Референтті халық: буряттар; өз атауы – бурят, буряад.

Географиялық таралуы Бурят тілінің таралу аймағына Ресей Федерациясының үш субъектісінің аумақтары кіреді: Бурятия Республикасы, Иркутск облысының Усть-Орда Бурят округі және Забайкалье өлкесінің Агинский Бурят округі.

Сонымен қатар Солтүстік Моңғолия және солтүстік-шығыс Қытайда тұрады. Ресей Федерациясындағы Бурят тілінде сөйлейтіндердің саны шамамен 218,6 мың адамды құрайды (2010 жылғы халық санағы).

Диалектісі Бурят тілінің 4 диалектісі бар: батыс (эхирит-булаят), аралық (аларо -тункин), шығыс (хорин), оңтүстік (цонголо-сартуль).

Жазуы Буряттар 1930 жылға дейін ескі монғол жазуын, 1931 жылдан бастап латын графикасы негізінде, 1938 жылдан бастап орыс (кириллица) графикасы негізінде жазуды қолданды.

Қазіргі бурят әліпбиі А а Б б В в Г г Д д Е е Ё ё Ж ж З з И и Й й К к Л л М м Н н О о Ө ө П п Р р С с Т т У у Ү ү Ф ф Х х Һ һ Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я

Дереккөздер

Санат:Ресей тілдері