Дарғын тілі (Dargin language) — иберий-кавказ тілдер отбасының нах-дағыстан тармағының лак-дарғын ішкі тобына кіреді, қопарылма (флективтілік) белгілері мен эргативті құрылысы бар тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады. Дағыстанның мемлекеттік тілдерінің бірі (Дағыстан Конституциясы 1994; 1998).
Референтті халық Референтті халық: дарғындар; өз атауы – дарган, дарганти.
Географиялық таралуы Дарғындар – орта Дағыстанның таулы және тау бөктерінде тұратын халық. 1980-жылдардың аяғында КСРО-да 365038 дарғын болса, олардың барлығы дерлік (96,8%) Ресей Федерациясында өмір сүрді.
Диалектісі Дарғын тілінде келесі диалектілер бар: акцушин, цудахар, урахин, сирхин және т.б. Әдеби тіл акцушин диалектісінің негізінде қалыптасты.
Жазуы 1928 жылға дейін дарғын тілінің жазуы араб графикасы негізінде, 1928 жылдан 1938 жылға дейін латын графикасына, 1938 жылы орыс (кириллица) графикалық негізіне аударылды.
Дарғын әдеби тілінің қазіргі алфавиті 46 әріптен тұрады, оның 33-і орыс кирилл әліпбиінде бар. А а Б б В в Г г Гъ гъ Гь гь ГӀ гӀ Д д Е е Ё ё Ж ж З з И и Й й К к Къ къ Кь кь КӀ кӀ Л л М м Н н О о П п ПӀ пӀ Р р С с Т т ТӀ тӀ У у Ф ф Х х Хъ хъ Хь хь ХӀ хӀ Ц ц ЦӀ цӀ Ч ч ЧӀ чӀ Ш ш Щ щ Ъ ъ Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я
Дереккөздер
Санат:Ресей тілдері Санат:Дағыстан тілдері