Елжігідей ноян (моңғолша: ᠡᠯᠵᠢᠭᠲᠡᠢ ᠨᠣᠶᠠᠨ, 1206 — 1251) — ирандағы моңғол қолбасшысы болған.

Мансабы Ол Шыңғыс ханның үшінші ұлы әрі Моңғол империясының екінші ханы Өгедейдің билігі кезінде кешік (ханның жеке гвардиясы) қолбасшысы болды. 1246 жылы Күйіктің хан болып сайлануынан кейін, Елжігідей Батудың қамқорлығындағы Баюді алмастырды. Ол 1247 жылдың қыркүйегінде Моңғолиядан шығып, 1248 жылдың сәуірінде Таласқа жетті. Бұл Күйіктің өлімімен тұспа-тұс келді. Хорасанға келген соң, ол Бадғис аймағына тұрақтады. Хан сияқты христиандыққа бүйрегі бұрады деген болжам болған Елжігідейге Сирияға қарай жорық жасау бұйырылды және ол Бағдатқа қарай жорықты жоспарлады. Бұл жорық Франция королі ІХ Людовикпен, яғни Жетінші крест жорығымен қатарлас, одақтастық негізінде жүргізілуі тиіс еді. Алайда, Күйіктің кенеттен қайтыс болуы Елжігідейді жорықты интеррегнум аяқталғанға дейін кейінге қалдыруға мәжбүр етті. Соған қарамастан, Елжігідей Хорасандағы ордасынан хат жолдаған.

Елжігідей шынайы әскери билікке ешқашан ие бола алмады, тек қағаз жүзінде ғана болды. Алайда, Мөңке хан болып сайланғаннан кейін, Елжігідей мен оның екі ұлы бұл сайлауды жарамсыз деп жарияламақ болған сәтсіз қастандыққа қатысы бар деп айыпталды. Ол жазықсыз деп саналса да, 1251 жылдың қысында (немесе 1252 жылы) қамауға алынып, өлім жазасына кесілді. Кейін Баю қайтадан Персиядағы әскердің қолбасшысы қызметіне оралды.

Дереккөздер

Санат:Моңғол империясы