«Честерфилд» (;) — Англияның Честерфилд қаласында орналасқан кәсіби футбол клубы. Команда Англия футбол лигасы жүйесінің төртінші деңгейі — EFL League Two лигасында ойнайды.
Тарихы thumb|left|Честерфилд футбол клубының бұрынғы елтаңбасы клубтың 1866 жылы құрылғанын көрсетеді. Бұл дизайн алғаш рет 1997 жылы қолданылып, 2009 жылы ауыстырылған. Әртүрлі кезеңдерде кем дегенде бес немесе одан да көп команда "Честерфилд Футбол Клубы" деп аталған болуы мүмкін. 1864 жылдың 2 қаңтарындағы Derbyshire Times газетінде Честерфилд пен Нортон футбол клубтары арасындағы матч жоспарланғаны жазылған. Бұл 1863 жылдан бастап Честерфилд клубы ресми немесе бейресми түрде жұмыс істегенін көрсетеді.
1867 жылы қазан айында Честерфилд Крикет Клубының тармағы ретінде екінші Честерфилд футбол клубы ресми түрде құрылды. 1871 жылы крикет пен футбол клубтары бөлек ұйымдарға айналып, Салтергейттегі Recreation Ground-қа көшті. Алайда, екі клуб арасындағы қарым-қатынастың бұзылуына байланысты футбол клубы 1881 жылы жабылып қалды. Көптеген ойыншылар басқа жергілікті командаларға өтті, әсіресе Салтергейт алаңын пайдаланған Честерфилд Ливингстон мен Англия Кубогының алғашқы жылдарында бақ сынаған Честерфилд Спитал командасына.
1884 жылы үшінші Честерфилд клубы құрылып, тағы да Салтергейт алаңын үйі ретінде таңдады. Ол алдыңғы клуб пен Честерфилд Ливингстон және Спитал ойыншыларын өз қатарына жинады, дегенмен Спитал 1888 жылға дейін бөлек клуб ретінде жалғастырған. Кейін клуб атауын Честерфилд Таун деп өзгертіп, 1891 жылы кәсіби командаға айналды. Алғаш рет Англия Кубогына 1892 жылы қатысты. 1892–93 маусымында команда ерекше киім үлгісін киді — қара көк жейде және кеудеде Union Jack туы бейнеленген. 1896 жылы Мидленд Лигасына қосылып, 1899–1900 маусымынан бастап Екінші Дивизионда ойнады, алғашқы маусымда жетінші орынды иеленді. Үш маусым қатарынан соңғы орында қалып, 1909 жылы Футбол Лигасынан шығып қалды да, Мидленд Лигасына қайта оралды.
1915 жылы Честерфилд Таун өз еркімен таратылып, соғыс кезінде жергілікті ойыншылармен команда құру үшін жергілікті мейрамхана иесі жаңа клуб құрды. Бұл клуб екі жылдан кейін жабылды, себебі заңсыз төлемдер үшін басшылық пен ойыншылар шеттетілді.
Қазіргі Честерфилд клуб 1919 жылы 24 сәуірде Честерфилд қалалық кеңесінің бастамасымен құрылды, қалалық демалыс инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған әрекет ретінде. Бастапқыда Честерфилд Муниципал деп аталған команда бір маусымда-ақ Мидленд Лигасын жеңіп шықты. Алайда, Футбол Ассоциациясы мен Футбол Лигасы муниципалдық меншікке қарсы болып, клуб тәуелсіз болуға мәжбүр болды. 1920 жылы атауы ресми түрде Честерфилд футбол клубы болып өзгертілді.
1921–22 маусымында клуб үшінші дивизион Солтүстік бөлімінің негізін қалаушылардың бірі болды. 1926 жылы жаңа жаттықтырушы Тед Дэвисон мен 1928 жылы төраға Гарольд Шенталл келіп, 1930–31 маусымында 8–1 есебімен Гейтсхедті жеңіп, дивизион чемпионатын ұтып, Екінші Дивизионға көтерілді. 1933 жылы қайта төмен түсіп, 1936 жылы тағы да чемпион атанды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1946–47 маусымында клуб тарихындағы ең үздік нәтиже көрсетіп, Екінші Дивизионда төртінші орын алды. Бірақ келесі маусымда негізгі ойыншылардың сатылуына байланысты 1950–51 маусымында төмен түсті. 1958–59 маусымында құрылған жаңа Үшінші Дивизионға енгізілді. Сол маусымда болашақ Англия құрамасының қақпашысы Гордон Бэнкс кәсіби мансабын бастады, бірақ маусым соңында Лестер Ситиге 7000 фунтқа сатылды. 1961 жылы клуб Төртінші Дивизионға алғаш рет түсіп қалды.
1969–70 маусымында менеджер Джимми Макгуиганның басқаруымен Төртінші Дивизион чемпионы атанып, жоғарылады. 1981 жылы Англо-Шотланд Кубогын жеңді. 1983–84 маусымында қайта төмендеді, бірақ келесі маусымда бірден чемпион атанды. Қаржылық қиындықтарға байланысты клубтың жаттығу базасы сатылды және кеңестің көмегіне жүгінді. 1988–89 маусымында тағы да төмендеді. 1994–95 маусымында плей-офф арқылы қайта жоғарылап, 1996–97 маусымында алты клубты жеңіп, соның ішінде Премьер-Лигадағы Ноттингем Форест клубын де ұтып, Англия Кубогының жартылай финалына дейін жетті. Мидлсброға қарсы жартылай финалдық алғашқы ойын 3–3 есебімен аяқталды (қосымша уақытта), ал қайталау матчында 3–0 есебімен жеңілді.
2000 жылы 21 матчтық жеңіліссіз сериядан кейін клуб қайтадан төмен түсті. Сол жылы төраға Нортон Лиа орнына Даррен Браун келді. Бірақ Браунның заңсыз әрекеттеріне байланысты 2001 жылы клуб 9 ұпайдан айырылып, әкімшілік бақылауға өтіп, жанкүйерлер ұйымдастырған қоғам иелік етті. Браун кейіннен жалған есеп беру, алаяқтық және ұрлық үшін 4 жылға сотталды.
2006–07 маусымының соңында Лига Екіге төмендеді. 2009–10 маусымының соңында тарихи Салтергейт алаңын тастап, жаңа B2net стадионына көшті. 2010–11 маусымында Лига Екі чемпионы атанып, қайта жоғарылады. 2012 жылы Суиндон Таун клубын 2-0 есебімен тізе бүктіріп,алғашқы рет Футбол Лигасы Кубогын жеңіп алды. Алайда сол жылдың көктемінде қайтадан төмен түсті.
2013–14 маусымының соңында қайтадан Лига Екі чемпионы атанып, төртінші мәрте Лига Бірге көтерілді. 2014–15 маусымында алтыншы орын алып, плей-оффта Престон Норт Энд клубына 4–0 есебімен жеңілді. Менеджер Пол Кук маусым соңында клубтан кетті.
2016 жылы қарашада төраға Дэйв Аллен отставкаға кетті. Клуб қаржылық қиындыққа тап болып, әкімшілік бақылауға жақын қалды. 2016–17 маусымының соңында Лига Бірден түсіп қалды. 2017–18 маусымынан кейін Футбол Лигасынан шығып қалды.
2020 жылы клубты Chesterfield FC Community Trust қайырымдылық ұйымы сатып алды. Джон Пембертон тұрақты менеджер атанды.
2022 жылы Англия Кубогының үшінші кезеңінде Премьер-Лига клубы Челсиге 5–1 есебімен жеңілді. 2023 жылы плей-офф финалында Ноттс Каунтиге пенальтиде ұтылып қалды. Бірақ келесі маусымда Ұлттық Лига чемпионы атанып, алты жылдық үзілістен кейін Футбол Лигасына қайта оралды. Осы маусымда клубтың иелігі Фил және Эшли Кирк бауырларға өтті.
Жетістіктері Дереккөз:
Лига Football League Third Division North (3 деңгей) Чемпион: 1930–31, 1935–36 Football League Fourth Division / Football League Third Division / EFL League Two (4 деңгей) Чемпион: 1969–70, 1984–85, 2010–11, 2013–14 Жоғарылады: 2000–01 Плей-офф жеңімпазы: 1995 National League (5 деңгей) Чемпион: 2023–24 Midland Football League Чемпион: 1909–10, 1919–20
Кубок EFL Trophy Жеңімпаз: 2011–12 Финалист: 2013–14 Англо-Шотланд Кубогы Жеңімпаз: 1980–81 Derbyshire Senior Cup Жеңімпаз (7): 1898–99, 1920–21, 1921–22, 1924–25, 1932–33, 1936–37, 2017–18
Дереккөздер
Санат:Англия футбол клубтары