Хосе Педро Балмаседа Паскаль (, 2 сәуір 1975, Сантьяго) — чили-америкалық актёр.
Паскаль «Тақтар таласы» (2014) фэнтези телехикаясының төртінші маусымында Оберин Мартелл және «Нарко» (2015–2017) криминалдық сериалындағы Хавьер Пеньяны сомдау арқылы танымал болды. 2019 жылдан бастап ол «Мандалорлық» сериалында басты рөлді ойнады. 2023 жылдан бастап ол «Біз ғана тірі» драмалық сериясында Джоэлді ойнады. Ол «Алтын глобус» және «Сыншылардың таңдауы» сыйлығының номинанты, «Эмми» сыйлығының үш мәрте үміткері және Киноактёрлер гильдиясы сыйлығының иегері.
2023 жылы Time журналы Паскальді әлемдегі ең ықпалды 100 адамның қатарына қосты.
2025 жылы Фантастикалық төрттік: Алғашқы қадамдар фильмімен Педро Паскаль Marvel кинематографиялық әлеміне қосылды.
Дереккөздер