Шаһрихан () — қала, Өзбекстанның Әндіжан облысы Шахрихан ауданының орталығы. Халқы: 100,5 мың адам (2024).

Сипаттама 1970 жылға дейін Сталино елді мекені деп аталды, кейін Московский деп өзгертілді. Ол 1939 жылы Үлкен Ферғана каналының құрылысында жұмыс істейтіндер үшін жұмысшылар поселкесі ретінде пайда болды. Уақыт өте келе қоныс ұлғайып, дамыды. 1970 жылы қарашада оған қала мәртебесі берілді және оның қазіргі атауы Шахрихан болды.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық Шаһрихан – шағын қала. Ол өз елінде (Өзбекстан) халық саны бойынша 27-орында, облыста (Әндіжан облысы) 2-орында. Әлемдегі барлық қалалар арасындағы орны: шамамен 6115 орын.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Боз (12 км), Асака (16 км), Қуа (20 км), Палванташ (22 км), Хаккулабад (23 км), Әндіжан (25 км), Пайтұғ (25 км), Құйғанжар (26 км), Балықшы (28 км), Жазжауан (29 км), Мархамат (32 км), Ташлақ (33 км), Бұлақбасы (37 км), Марғылан (38 км), Сарытас (39 км, Қырғызстан), Үйші (39 км), Қожабат (42 км), Пахтабат (43 км), Ферғана (44 км).

Экономикасы және инфрақұрылымы Қала экономикасының негізін автокөліктерге арналған май сүзгілерін шығару, мақта тазарту, мақта және жібек мата зауыттары, трикотаж фабрикасы, иірілген жібек және табиғи иірілген жіп өндірісі, май және сүт зауыты сияқты бірнеше кәсіпорын құрайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіріп, қала тұрғындарын қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы ұйымдары бар. Стадион мен тарихи-өлкетану мұражайы, балабақшалар, мектептер, авиациялық техникум бар.

Дереккөздер

Санат:Әндіжан облысы қалалары