«Юра кезеңінің саябағы: Ғайып болған әлем» — Стивен Спилберг түсірген 1997 жылғы блокбастер, Юра кезеңінің саябағы фильмінің жалғасы.
Алғашқы фильм өте сәтті болып шыққан соң, фанаттар жазушы Майкл Крайтонға түпнұсқалық романның жалғасын жазып шығаруға шақырады. «Ғайып болған әлем» атты роман 1995 жылы жарияланып, оның негізінде жаңа сценарий жазылады, ал Спилберг режиссёрлік позицияға оралады.
Фильмнің маркетингіне 250 миллион доллар жұмсалды, тұсаукесері 1997 жылдың 23 мамырында өтті. Ол сол жылдың екінші ең табысты фильмі болды, тек Титаникті ғана алға жіберді. Үздік визуалды әсерлер үшін «Оскар» номинациясына ілікті, бірақ тағы да Титаниктен қалып қойды.
Желісі Бірінші фильмдегі оқиғалардан кейін 4 жыл өтеді. Динозаврлар мекендейтін аралға жақын орналасқан екінші бір аралда британдық жанұя демалыс өткізеді. Олар аралдың тарихынан хабарсыз болады, қызына компсогнаттар шабуылдағанда ғана сол жердің қаупін түсінеді.
Осы шабуылға байланысты Джон Хаммонд саябақты иелейтін компаниядан кетуге мәжбүр болады. Жаңа бастық ретінде оның орнын жиені Питер Ладлоу басады. Ол екінші аралды пайда табудың көзіне айналдырғысы келеді. Бұл үшін динозаврларды Сан-Диегоға тасымалдап әкелуге ниеттенеді.
Бірақ Джон Хаммонд бұл бастамаға қарсы болып, сол аралға Ян Малкольм бастауымен жаңа экспедиция жібереді. Бұл топ адам динозаврларды өз мекенінде қалдырғанда ғана жағдай дұрыс болатынын дәлелдеуге тырысады.
Актёрлер Джефф Голдблюм — доктор Ян Малкольм, математик. Джулианна Мур — доктор Сара Хардинг, Янның сүйіктісі, палеонтолог. Пит Постлетуэйт — Роланд Тембо, саятшы, аралға тираннозаврды аулауға келді. Арлисс Ховард — Питер Ладлоу, InGen компаниясының жаңа бастығы, Хаммондтың жиені. Ричард Аттенборо — Джон Хаммонд, саябақтың бұрынғы иесі. Винс Вон — Ник Ван Оуэн, фотожурналист және эколог. Ванесса Ли Честер — Келли Кертис, Янның қыз баласы. Петер Стормаре — Дитер Старк, InGen жұмысшысы. Харви Джейсон — Аджэй Сидху, Роландтың жақын досы. Ричард Шифф — Эдди Карр, құрылғылар бойынша маман. Ариана Ричардс — Лекси Мёрфи, Хаммондтың немересі. Джозеф Маццелло — Тимми Мёрфи, Лексидің інісі. Камилла Белль — Кэти Боумен, компсогнаттардың шабуылына ұшыраған қыз.
Жүлделері Сыйлықтың аты Номинациясы Номинант НәтижесіОскар сыйлығыҮздік визуалды әсерлерДеннис Мьюрен, Стэн Уинстон, Рэндал М. Дутра, Майкл Лантьери Сатурн сыйлығыҮздік режиссёрСтивен СпилбергҮздік фэнтези-фильмҮздік екінші пландағы актёрПит ПостлетуэйтҮздік жас дарынВанесса Ли ЧестерҮздік арнайы әсерлерДеннис Мьюрен, Стэн Уинстон, Рэндал М. Дутра, Майкл ЛантьериАлтын таңқурайЕң нашар ремейк немесе сиквелАдам өміріне және қоғамдық мүлікке ең жаман көзқарасЕң нашар сценарийДэвид Кепп, Майкл Крайтонның кітабы негізіндеBlockbuster Entertainment AwardsЕң сүйікті актёр — ғылыми фантастикаДжефф ГолдблюмЕң сүйікті актриса — ғылыми фантастикаДжулианна МурГрэммиҮздік инструменталды композицияДжон УильямсImage AwardsҮздік жас актёр/актрисаВанесса Ли ЧестетрMTV Movie AwardsҮздік экшн үзіндіТираннозаврдың Сан-Диегоға шабуылыRembrandt AwardsҮздік режиссураСтивен СпилбергSatellite AwardsҮздік анимациялық немесе аралас техникалық фильмStinkers Bad Movie Awards100 миллион доллардан асқан фильм үшін Голливуд математикасын пайдаланған ең нашар сценарийЕң нашар сиквел Дереккөздер
Санат:Сиквел фильмдер Санат:Стивен Спилберг фильмдері Санат:Amblin Entertainment фильмдері Санат:Universal Pictures фильмдері Санат:АҚШ фантастикалық фильмдері Санат:АҚШ шытырман оқиғалы фильмдері Санат:Динозаврлар туралы фильмдер