Жайық деген жанды су – Ақтан Керейұлының термесі.
Тарихы
Мәтіні Жайық деген жанды су,Көзі қара қанды су.Біздің жүрген жеріміз Күнде базар, күнде су.Мен сүргіннің сойымын,Арқалы жерде шапқандай.Ойпаң жерде сортақ бар,Жабыдан туған қорқақ бар.«Сөйле!» десең, жыршыңызАлдарында жортақтар.Туған айға ат берген.Ақ қағазға хат берген.Екі ерін, тіл, таңдай.Сөйлесін деп жақ берген.Шықпай отыр домбырам,Сырылдап мұның қақпағы.Айтқан сөзге түсінбесАдамның мисыз ақымағы.Домбырам отыр қағылып,Он екі перне, екі ішекБауырына тағылып,Қоянға қосқан тазыдайБүктетіліп жазылып.Тыңдасаңыз сөзімдіОсы араға келгенің,Әдептен құр қалмассыңҮлкенге сәлем бергенің.Түрлі - түрлі өлең бар,Айта берсек, өнер бар.Түсінетін адамғаРетін айттым терменің.Ұядағы балапанҰшатын күні болғанда,Қанаты әбден толғанда,Істейді о да көргенін.Жолдас болсаң жақсымен,Дұшпаныңды жеңгенің.Адамдықтың белгісі -Біріңе бірің сенгенің.Құлағынды сал, жігіттер,Жарлымын деп мұғайма,Жеті мүшең сау болса,Құдайдың сол бергені.
Орындаушылар
Сәуле Жанпейісова Айгүл Елшібаева Дәмегүл Ізбасарова Сәрсенбай Рахманбердиев Өмірқұл Айниязов
Дереккөздер
Санат:Жырлар Санат:Қазақ өнері