Раушан Қажықұмарқызы Достанова (1937 жылы туылғын, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласы) – биология ғылымының докторы (1997). Уақ тайпасынан шыққан.
ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1960–61 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында аға лаборант, 1961–64 ж. аспирант, 1966–73 ж. кіші, 1973–94 ж. аға ғылыми қызметкер, 1994–95 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Физиология институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер (1995). Достанова 70 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
Дереккөздер</span>
Санат:Тұлғалар