Сарық () — қала типтес елді мекен, Өзбекстанның Сұрқандария облысы Қызырық ауданының әкімшілік орталығы. Халқы 13700 адам (1995 ж.).

Ең жақын станса - Сұрхан (33 км). Термезге дейінгі қашықтық 70 км.

Халық негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Халыққа орталық аудандық аурухана, балалар ауруханасы, жедел медициналық жәрдем бөлімі, ересектерге арналған амбулатория, емхана, жұқпалы аурулар ауруханасы, дәріханалар қызмет көрсетеді.

Дереккөздер

Санат:Сұрқандария облысы елді мекендері