«Акселератор» операциясы () — АҚШ-тың Есірткі айналымын бақылау басқармасы (DEA) Мексика және Канада биліктерінің қатысуымен Синалоа картелінің есірткі саудагерлеріне қарсы жүргізген арнайы операциясы. 2009 жылғы ақпанда 21 айға созылған операцияның нәтижесінде Калифорния, Миннесота және Мэриленд штаттарында 755 күдікті қамауға алынды.
Күдікті есірткі саудагерлерін ұстаумен қатар, 59,1 миллион АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақша, 12 000 килограммнан (26 000 фунт) астам кокаин, 16 000 фунт (7300 кг) марихуана, 1200 фунт (540 кг) метамфетамин, 8 килограмм (18 фунт) героин, 1,3 миллион экстази таблеткасы, сондай-ақ 149 көлік құралы, 3 ұшақ, 3 теңіз кемесі және 169 атыс қаруы тәркіленді.DEA Press Release - Operation Xcellerator
Сонымен қатар метамфетамин өндіретін ірі зертхана және сағатына 12 000 таблетка шығаруға қабілетті экстази өндірісінің зертханасы анықталды.BBC News - US raids target Mexican drug gang
Дереккөздер
Санат:2009 жылдағы АҚШ Санат:Синалоа картелі Санат:Мексикадағы есірткі соғысы