Смағұлов Шаймұрат (1936 жылы туған, Ресей, Омбы облысы Шарбақкөл ауданы) – экономика ғылымдарының докторы (1999), профeссор (2003).
Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан.
Омбы ауыл шаруышылық институтын (1959), Жоғары партия мектебін (1982) бітірген. ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1994–1995), «Седанко» АҚ өкілдігінің директоры (1995–1998), Еуразия гуманитарлық университетінің профессоры (1998–2002)
2002 жылдан Қазақстан – Ресей университетінің профессоры қызметін атқарады. 40 ғылыми жарияланымның, 4 монографияның авторы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 Шығармалары Техника и человек в условиях экономической реформы (1993); Экономическая реформа и предпринимательство (1995); Формы функционирования агропромышленной корпорации (1996). Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1936 жылы туғандар Санат:экономика ғылымдарының докторлары