Ханука (ханукка; , Ḥănukkā, ) — раввиндық иудаизмдегі мереке; еврей халқының б.з.б. II ғасырда Селевкидтер мемлекетіне қарсы көтерілісте Иерусалимді қайтарғанын тойлайды.

Ханука еврей күнтізбесіндегі кислев айының 25-күнінен басталып, сегіз түн мен күн тойланады. Бұл күн Григориан күнтізбесінде түрлі жылдарда 28 қарашадан 27 желтоқсанға дейін күні түсе алады. Мереке тұсында тойлайтындар тоғызшамды ханукия, не менора делінетін канделябр жағады. Балауыз шамдарының біреуі басқалардан биік болады да, оның оты қалғандарын жағу үшін қолданылады. Бұл ерекше шам шаммаш (שַׁמָּשׁ‎) делінеді. Шаммаш көмегімен әр түні бір-бір шам жағылады да, мерекенің соңғы күнінде ханукия толық жанады. Бұл — бір айда басталып (кислев), келесі айда (тебет) аяқталатын еврей мерекесінің жалғызы.

Ханука мерекесі кезінде тойлаушылар, оған қоса, түрлі ән айтады, дрейдл ойнайды, латкес, суфгания сияқты майға қуырылған тағам, сүт өнімдерін жейді. 1970 жылдардан бері хабад хасидим қауымы түрлі елдерде ханукия жағу рәсімін жария жүргізетін болды.

Дін көзқарасынан қарасақ, ханука ешқашан да ірі мереке болып көрмеген. Алайда соңғы кездері, әсіресе Солтүстік Америкада ол Рождествоға хронологиялық жақындығынан біраз назарға тап болды.

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Маккабейлер көтерілісі