(67) Асия — Негізгі белдеудегі астероид.

Оны 1861 жылы 17 сәуірде ағылшын астрономы Норман Погсон Мадрас обсерваториясында ашты.

Бұл Азия құрлығынан ашылған алғашқы астероид болғандықтан, атауы осыған байланысты болды. Сонымен қатар, Асия — ежелгі грек мифологиясындағы океанидалардың бірі.

thumb|450px|center|Күн жүйесіндегі орны

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1—100) Санат:Астероидтар