Асқар Жұмағұлұлы Ислямов (4 наурыз 1928 — 30 қазан 2001) — қазақстандық педагог, мектеп директоры, өлкетанушы, Шығыс Қазақстан топонимикасына арналған оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ КСР және КСРО халық ағарту ісінің үздігі.Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары. — Өскемен, 2006. — 420–421-бб.

Өмірбаяны 1928 жылғы 4 наурызда Ақсуат ауданына қарасты Қызылкесік кеңшарында дүниеге келген.

1947–1950 жылдары Семейдегі мұғалімдер техникумында оқыды. 1952 жылы Өскемендегі мұғалімдер институтын, 1962 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдады.

Педагогикалық қызметі Еңбек жолын Жанғызтал ауылындағы жетіжылдық мектепте бастады. Кейін Ақжар ауылындағы Абай орта мектебінде мұғалім, директордың орынбасары қызметін атқарды.

Оқушыларға арналған өлкетану экспедицияларын және туристік жорықтарды ұйымдастырды, жас өлкетанушылардың облыстық слёттеріне қатысты.

1970–1995 жылдары Жетіарал кеңшарындағы Ленин атындағы орта мектептің директоры болды.

Ғылыми-әдістемелік және өлкетану қызметі Ислямов Шығыс Қазақстан топонимикасын зерттеп, өлкетану материалдарын оқу үдерісіне енгізумен айналысты.

45 жылдық педагогикалық қызметі барысында тәрбие әдістемесі мен өлкетану мәселелеріне қатысты елуге жуық еңбегі аудандық, облыстық және республикалық басылымдарда жарияланды.

Ислямовтар педагогтер әулеті туралы материалдар Мәскеудегі А.С. Макаренко мұражайы экспозициясына енгізілді.

Негізгі авторлық еңбегі:

Шығыс Қазақстан топонимикасы: әдістемелік құрал. — Алматы: Эверо, 2003. — 112 б.Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының каталогындағы «Шығыс Қазақстан топонимикасы» басылымы. Қаралған күні: 26.12.2025.

Кейін еңбек өңделіп, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) монография түрінде қайта басылды:

Шығыс Қазақстан топонимикасы: монография. — Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚУ, «Берел», 2022. — 212 б.Шығыс Қазақстан топонимикасы : монография. — Өскемен: ШҚУ, «Берел», 2022. — 212 б. Қаралған күні: 26.12.2025.

Марапаттары «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі»; «КСРО халық ағарту ісінің үздігі»; «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі»; «Еңбек ардагері» медалі; республикалық және облыстық деңгейдегі медальдар мен Құрмет грамоталары; мұғалімдер республикалық съездерінің және педагогикалық әулеттер съезінің (1987) делегаты.

Естелік Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» атты атаулы кабинет ашылды, студенттерге Ислямов атындағы атаулы стипендия тағайындалды.«Асқар Ислямов атындағы атаулы кабинет ашылуы» // ШҚ гуманитарлық колледжі. URL: https://vkgk.edu.kz/news/for-students/otkrytie-imennogo-kabineta-imeni-askara-islyamova/ Қаралған күні: 26.12.2025.

2023 жылдан бастап колледж педагогтері арасында республикалық деңгейде «А. Ислямов атындағы үздік педагогикалық эссе» байқауы өткізіледі.«А. Ислямов атындағы үздік педагогикалық эссе байқауы» // gov.kz. URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/433155 Қаралған күні: 26.12.2025.

Мақалалары:

Еңбек жолы Дереккөздер

Санат:Қазақстан педагогтары Санат:КСРО педагогтары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімдері Санат:КСРО білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақ КСР Халыққа білім беру ісінің үздіктері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері (КСРО) Санат:1928 жылы туғандар Санат:2001 жылы қайтыс болғандар Санат:Шығыс Қазақстан облысы