Карл Вильгельм Райнмут (4.04.1892 — 6.05.1979, Гейдельберг) — неміс астрономы.

1912 және 1957 жылдары аралығында Гейдельберг-Кёнигштуль обсерваториясында жұмыс істеген. Осы уақытта ол жалпы 395 астероидты және 2 кометаны ашты.

Оның құрметіне орай (1111) Райнмутия Негізгі белдеу астероиды аталды.

Ашқан кометалары 30P/Райнмут — 1928 жылдың 22 ақпанында 44P/Райнмут — 1947 жылдың 10 қыркүйегінде

Кейбір ашқан астероидтары (796) Сарита — оның алғашқы ашқан астероиды, 1914 жылдың 15 қазанында (911) Агамемнон — ең ірі троян астероидтарының бірі, 1919 жылдың 19 наурызында (954) Ли және (955) Альстеда — Лина Альстеда Райнмут есімді жарының құрметіне орай атады, 1921 жылы ашты (956) Элиза — өз шешесінің құрметіне орай атады (1297) Кадея — бауырының құдалары құрметіне орай атады (1862) Аполлон — Жерге жақындайтын астероидтардың ең ірі тобындағы алғашқы анықталғаны (5535) Аннафранк — 2002 жылы Stardust ғарыш кемесі жанынан өткен астероид (69230) Гермес — 1937 жылы ашылған, бірақ ұзақ уақыт бойы жоғалып кеткен астероид ретінде болып, тек 2003 жылы өз нөмірін иемденген қайта ашылған астероид (2391) Томита — 1957 жылы ашқан соңғы астероиды

Дереккөздер

Санат:Германия астрономдары Санат:Астероидтарды ашушылар Санат:Кометаларды ашушылар