Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіндегі 13-шақырылым депутаттарының тізімі (1994–1995). 1994 жылғы Қазақстан Жоғарғы Кеңесін сайлау нәтижесінде сайланды. 177 депутаттан тұрды, оның ішінде 42 депутат президенттің ұсынуы бойынша сайланды.
Жоғарғы Кеңестегі партия өкілдігі Қазақстан Халық бірлігі одағы - 32 депутат Қазақстан Халық Конгресі - 22 депутат Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы - 12 депутат Қазақстанның Социалистік партиясы - 12 депутат Қазақстан шаруалары одағы - 4 депутат «Лад» Республикалық славян қозғалысы - 4 депутат Қазақстанның Республикалық партиясы - 1 депутат Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресі «Гармония» қоғамдық қозғалысы Адам құқықтары жөніндегі демократиялық комитет Қазақстанның жастар одағы Тәуелсіздер Мемлекеттік тізім (президент ұсынған) - 42 депутат
Депутаттар тізімі Әділбеков Дәурен Зекенұлы, 1956 жылы туған, Алматы қаласы Совет ауданы әкімінің бірінші орынбасары. Алматы қаласы № 12 Абылай хан сайлау округінен. Әбдікәрімов Болат Әбдікәрімұлы, 1939 жылы туған, ҚР Білім министрінің орынбасары. Жезқазған облысы № 57 Жаңаарқа сайлау округінен. Ақылбаев Көбес Ақылбайұлы, 1945 жылы туған, "Ақниет" акционерлік құрылыс компаниясының президенті, Талдықорған қаласы. Талдықорған облысы № 118 Талдықорған ауылдық сайлау округінен. Асқаров Қанат, 1947 жылы туған, Талдықорған облыстық "Жерұйық" газеті бас редакторының орынбасары, Талдықорған қаласы. Талдықорған облысының № 119 Үйгентас сайлау округінен. Әбділдин Жабайхан, 1933 жылы туған, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, Алматы қаласы. Павлодар облысы № 99 Ақсу сайлау округінен. Айтуғанов Нұрмахамбет Сәрсенбекұлы, 1947 жылы туған, Отырар ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстан социалистік партиясының мүшесі, Отырар ауданы. Оңтүстік Қазақстан облысының № 126 Арыс сайлау округінен. Әубәкіров Кеңес Аманұлы, 1934 жылы туған, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Жамбыл қаласы. Жамбыл облысы № 46 Әулиеата сайлау округінен. Ахметов Әшімжан Сүлейменұлы, 1950 жылы туған, "Инко" бірлескен кәсіпорнының бас директоры, Қазақстан социалистік партиясының мүшесі, Жамбыл қаласы. Жамбыл облысының № 47 Зауыт сайлау округінен. Әбдірахманов Серік, 1951 жылы туған, "Елімай" халықаралық экологиялық қорының президенті, Алматы қаласы. Алматы облысы № 33 Кеген сайлау округінен. Алпысбеков Қуаныш Махмұтұлы, 1944 жылы туған, "Сожекред" акционерлік қоғамы Қазақстан мен Орта Азиядағы өкілдігінің директоры, Алматы қаласы. Ақмола облысының № 20 Ерментау сайлау округінен. Абашова Раиса Дәулетқызы, 1951 жылы туған, Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары — мемлекеттік бюджет және әлеуметтік даму бөлімінің бастығы, Қазақстан социалистік партиясының мүшесі, Ақтөбе қаласы. Ақтөбе облысы № 22 Теміржол сайлау округінен. Алдамжаров Ғазиз Қамашұлы, 1947 жылы туған, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан социалистік партиясының мүшесі, Алматы қаласы. Атырау облысы № 37 Исатай сайлау округінен. Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы, 1946 жылы туған, Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы. Қарағанды облысының № 72 Қарқаралы сайлау округінен. Арзымбетов Жақсылық, 1947 жылы туған, "Жақсылық" шаруа банкінің төрағасы, Шымкент қаласы. Оңтүстік Қазақстан облысының № 133 Төле би сайлау округінен. Алейников Сергей Афанасьевич, 1957 жылы туған, "Қостанайасбест" акционерлік қоғамы бас директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, Жетіқара қаласы. Қостанай облысы № 86 Жетіқара сайлау округінен. Әбілқанов Төлеуқұл, 1937 жылы туған, "Балқашмыс" өндірістік бірлестігінің күрделі құрылыс жөніндегі директоры, Қазақстан социалистік партиясының мүшесі, Балқаш қаласы. Жезқазған облысының № 55 Балқаш сайлау округінен. Акуев Николай Ильич, 1941 жылы туған, XII сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Алматы қаласы. Оңтүстік Қазақстан облысынан. Ахметов Қасымхан Қаскенұлы, 1951 жылы туған, Жезқазған облысы әкімінің орынбасары — Мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитетінің төрағасы, Қазақстан социалистік партиясының мүшесі, Жезқазған қаласы. Жезқазған облысынан. Алдамжаров Зұлқарнай Алдамжарұлы, 1937 жылы туған, Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры, Қостанай қаласы. Қостанай облысынан. Әбішев Қабылсаят Әзімбайұлы, 1957 жылы туған, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының докторанты, Қарағанды қаласы. Жезқазған облысынан. Бижанов Ахан Құсайынұлы, 1949 жылы туған, Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Алматы қаласы. Алматы қаласы № 4 Әуезов сайлау округінен. Балиева Зағипа Яхияқызы, 1958 жылы туған, Алматы қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы. Алматы қаласы № 11 Әуежай сайлау округінен. Байжұманов Асқар, 1939 жылы туған, Торғай облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас хирургі, Арқалық қаласы. Торғай облысының № 120 Арқалық сайлау округінен. Баймаханов Қожахмет, 1953 жылы туған, Бұқарбай батыр атындағы кеңшар директоры, Жалағаш ауданы. Қызылорда облысының № 76 Тереңөзек сайлау округінен. Михаил Иванович Баранов, 1937 жылы туған, зейнеткер, отставкадағы генерал-майор, Петропавл қаласы. Солтүстік Қазақстан облысының № 105 Булаев сайлау округінен. Бұқарбаев Тұрсынбек Мәдәліұлы 1963 жылы туған, Келес ауданы әкімінің орынбасары, Абай ауылы. Оңтүстік Қазақстан облысының № 128 Келес сайлау округінен. Бекеев Әділетбек Төлендіұлы, 1953 жылы туған, Кентау экскаватор зауытының аға шебері, Кентау қаласы. Оңтүстік Қазақстан облысы № 130 Ордабасы сайлау округінен. Байсеркеев Лесхан Әмірбекұлы, 1942 жылы туған, Жамбыл гидромелиоративтік институтының қоғамдық-саяси пәндер кафедрасы меңгерушісі, Қазақстан социалистік партиясының мүшесі, Жамбыл қаласы. Жамбыл облысының № 48 Құрылыс сайлау округінен. Бекбосынов Арғынбай, 1937 жылы туған, Жамбыл облыстық "Ақ жол" газетінің редакторы, Жамбыл қаласы. Жамбыл облысының № 49 Жамбыл сайлау округінен. Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы, 1959 жылы туған, Жезқазған облысы әкімінің орынбасары, Жезқазған қаласы. Жезқазған облысының № 54 Жезқазған сайлау округінен. Бановска Ольга Викторовна, 1941 жылы туған, "Карбид" өндірістік бірлестігінің бояулар мен халық тұтынатын тауарларды шығару жөніндегі директоры, Теміртау қаласы. Қарағанды облысының № 69 Теміртау сайлау округінен. Беркенова Әсия Айыпқызы, 1950 жылы туған, Науырзым ауданы Өлеңді орта мектебінің мұғалімі, Науырзым ауданының Өлеңді ауылы. Қостанай облысының № 89 Семиозёрный сайлау округінен. Баймұратов Оразгелді Баймұратұлы, 1935 жылы туған, ҚР Ұлттық ғылым академиясының өндірістік күштерді зерттеу кеңесінің төрағасы, Алматы қаласы. Алматы облысынан. Баев Николай Иванович, 1945 жылы туған, Ақтау қаласының әкімі, Ақтау қаласы. Маңғыстау облысынан. Бельгер Герольд Карлович, 1934 жылы туған, жазушы, аудармашы, Алматы қаласы. Павлодар облысынан. Вишневецкий Борис Андреевич, 1952 жылы туған, "Надежда" шағын жеке кәсіпорнының директоры, Есіл қаласы. Торғай облысының № 121 Есіл сайлау округінен. Водолазов Виктор Борисович, 1948 жылы туған, XII шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Орал қаласы. Батыс Қазақстан облысының № 58 Жайық сайлау округінен. Васильева Стелла Георгиевна, 1931 жылы туған, зейнеткер, Өскемен қаласы. Шығыс Қазақстан облысының № 40 Защита сайлау округінен. Вильданов Владимир Гимранович, 1944 жылы туған, "Павлодартрактор" концерні бас инженерінің орынбасары, Павлодар қаласы. Павлодар облысынан. Гуляев Владимир Александрович, 1948 жылы туған, XII сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Петропавл қаласы. Солтүстік Қазақстан облысының № 102 Қызылжар сайлау округінен. Горельников Яков Бенджаминович. 1947 жылы туған, Ф. М. Достоевский атындағы Семей облыстық драма театрының директоры, Семей қаласы. Семей облысының № 108 Затон сайлау округінен. Галенко Валерий Павлович, 1949 жылы туған, "Славия" славян мәдениеті қауымдастығының басқарма төрағасы, Павлодар қаласы. Павлодар облысының № 97 Сәтбаев сайлау округінен. Гранкин Анатолий Ефимович, 1938 жылы туған, "Алтайқорғасынқұрылыс" акционерлік қоғамының заңгері, Өскемен қаласы. Шығыс Қазақстан облысының № 38 Шығыс сайлау округінен. Головков Михаил Николаевич, 1936 жылы туған,. Өскемен құрылыс-жол институты электротехника кафедрасының меңгерушісі, Өскемен қаласы. Шығыс Қазақстан облысының № 39 Заулба сайлау округінен. Габриель Давид Игнатьевич, 1937 жылы туған, Кәсіподақтар федерациясы Ақмола кеңесінің төрағасы, Ақмола қаласы. Ақмола облысының № 17 Алексеев сайлау округінен. Гүлер Ибрагим, 1942 жылы туған, "Огу-Тай" банкі мен фирмасының президенті, Алматы қаласы. Алматы қаласының № 7 Жоғары оқу орны сайлау округінен. Героев Салман Сайдарович, 1938 жылы туған, "Агроқұрылыскомплект" өнеркәсіптік-өндірістік басқармасының бастығы, Ақмола қаласы. Ақмола облысынан. Ғаббасов Энгельс Ғаббасұлы, 1937 жылы туған, жазушы, Орал қаласы. Батыс Қазақстан облысынан. Гаркавец Александр Николаевич, 1947 жылы туған, Қазақ ұлттық-мәдени қоры бас директорының ғылым және мәдениет жөніндегі орынбасары, Алматы қаласы. Қостанай облысынан. Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы, 1956 жылы туған, ҚР Ғылым академиясы математика институтының зертхана меңгерушісі, Алматы қаласы. Қызылорда облысының № 74 Придарья сайлау округінен. Жағанова Алтыншаш Қайыржанқызы, 1945 жылы туған, "Қазақстан әйелдері" журналының бас редакторы, Алматы қаласы. Шығыс Қазақстан облысының № 45 Зайсан сайлау округінен. Жанасаев Болат Бақытжанұлы, 1952 жылы туған, ҚР Жоғарғы Кеңесінің XII сайланған депутаты, Алматы қаласы. Жамбыл облысы № 51 Қордай сайлау округінен. Дәрімбетов Байдалы Нұртайұлы, 1960 жылы туған, "Береке" акционерлік қоғамының төрағасы, Сәтбаев қаласы. Жезқазған облысының № 56 Сәтбаев сайлау округінен. Жүнісбеков Едіген Исатұлы, 1940 жылы туған, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары, Алматы қаласы. Алматы облысының № 27 Жамбыл сайлау округінен. Дырдин Олег Васильевич, 1938 жылы туған, Қаскелең ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Алматы қаласы. Алматы облысы № 29 Қаскелең сайлау округінен. Жүндібаев Тасболат Бекітбайұлы, 1939 жылы туған, Алматы облысы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы. Алматы облысының № 30 Талғар сайлау округінен. Жұбандықов Берік Сағидоллаұлы, 1954 жылы туған, Талдықорған облыстық халықаралық іскерлік ынтымақтастық орталығы акционерлік қоғамының президенті, Талдықорған қаласы. Талдықорған облысының № 114 Талдықорған сайлау округінен. Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы, 1931 жылы туған, ҚР Инженерлік академиясының президенті, XII сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Алматы қаласы. Оңтүстік Қазақстан облысынан. Дымов Олег Григорьевич (оның өкілеттіктері қалғандарынан сәл кешірек танылды) Есенғалиев Абат Қадымұлы, 1948 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстан социалистік партиясының мүшесі, Орал қаласы. Батыс Қазақстан облысының № 61 Жалпақтал сайлау округінен. Елисеев Вилен Михайлович, 1939 жылы туған, Павлодар қаласы Ильич ауданының әкімі. Павлодар облысының № 95 Жағалау сайлау округінен. Ермеков Құрамыс, 1936 жылы туған, Атырау педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, Қазақстан социалистік партиясының мүшесі, Атырау қаласы. Атырау облысынан. Ермағамбетова Аглен Құрманғалиқызы, 1946 жылы туған, "Орқаш" ұжымдық кәсіпорнының директоры, Қазақстан социалистік партиясының мүшесі, Мұғалжар ауданы. Ақтөбе облысы № 25 Мұғалжар сайлау округінен. Жоланова Людмила Аркадьевна, 1946 жылы туған, ? төрағасының орынбасары, Лисаковск қаласы. Қостанай облысы № 88 Лисаков сайлау округінен. Жақыпов Серікхан, 1950 жылы туған, ҚР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты, Алматы қаласы. Семей облысының № 110 Аягөз сайлау округінен. Жексембинов Жомартқали Баясылұлы, 1943 жылы туған, Талдықорған зооветтехникумының директоры, Талдықорған қаласы. Талдықорған облысы № 117 Көксу сайлау округінен. Жүнісов Аманжол Әсетұлы, 1940 жылы туған, Самар аудандық ауруханасының бас дәрігері, Самар ауданы. Шығыс Қазақстан облысы № 43 Ұлан сайлау округінен. Жүрсімбаев Сағындық Кемалұлы, 1940 жылы туған, ҚР Бас прокурорының орынбасары, Алматы қаласы. Маңғыстау облысынан.