Мемлекеттік қауіпсіздік кіші лейтенанты () — 1935-1945 жылдардағы КСРО ІІХК және МҚХК басшылық құрамның арнайы атағы (ІІХК әскерлерінің әскери қызметкерлері мен КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милиция қызметкерлерін қоспағанда). Бұл арнайы атақтан төмен — мемлекеттік қауіпсіздік сержанты, ал дәрежесі жағынан келесі атақ — мемлекеттік қауіпсіздік лейтенанты.
Мемлекеттік қауіпсіздік кіші лейтенанты арнайы атағы (1937-1943 ж. үлгідегі ілгектерде 3 шаршы болды), осы кезеңде шартты түрде ЖШҚӘ аға лейтенант әскери атағына сәйкес келді, 1943 жылдан кейін — шартты түрде кіші лейтенант әскери атағына сәйкес болды.
Тарихы Мемлекеттік қауіпсіздік кіші лейтенанты арнайы атағы 1935 жылғы 7 қазандағы КСРО ОАК № 20 және КСРО ХКК № 2256 қаулыларымен енгізілдіПостановление ЦИК СССР № 20, СНК СССР № 2256 от 07.10.1935 . «О специальных званиях начальствующего состава Главного Управления Государственной Безопасности НКВД СССР». Все документы с 1934 по 1963 гг. Библиотека нормативно-правовых актов СССР. — www.libussr.ru., КСРО ІІХК 1935 жылғы 10 қазандағы № 319 бұйрығымен КСРО ІІХК МҚББ басшылық құрамы үшін жарияландыПриказ НКВД СССР № 319 от 10.10.1935 г.«О введении новой формы одежды и специальных званий начальствующего состава ГУГБ НКВД СССР». Сайт «Ведомственная геральдика»..
КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1943 жылғы 9 ақпандағы ІІХК органдарының қызметкерлеріне жалпы әскери атақтарға ұқсас арнаулы атақтар енгізу туралы Жарлығымен мемлекеттік қауіпсіздік кіші лейтенанты атағы орта басшылық құрамның арнаулы атақтары санатына ауыстырылып, шартты түрде ЖШҚӘ кіші лейтенант әскери атағына теңестірілді (бұған дейін бұл атақ ЖШҚӘ жоғарғы қолбасшылық құрамындағы — аға лейтенант әскери атағына сәйкес келді).
КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1945 жылғы 6 шілдедегіУказ Президиума ВС СССР от 06.07.1945. «О званиях, форме одежды и знаках различия начальствующего состава Народного Комиссариата Внутренних Дел и Народного Комиссариата Государственной Безопасности СССР». Год принятия документа: 1945. Информационный портал «Правовая Россия». КСРО ІІХК және МҚХК қызметкерлеріне арналған жалпыәскери атақтарға ұқсас әскери атақтар енгізген Жарлығы, мемлекеттік қауіпсіздік кіші лейтенанты атағын жойды.
Есімнама Виктор Семенович Абакумов Норман Михайлович Бородин Герман Ефимович Фрадкин Ахмат Бекирович Чеккуев
Тағы қараңыз КСРО ІІХК мен ІІМ қызметкерлерінің атақтары мен айырым белгілері
Дереккөздер
Санат:КСРО мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлерінің шендері Санат:Мемлекеттік қауіпсіздік кіші лейтенанттары