Төле би даңғылы – Тараздағы ертеден келе жатқан әрі ең ірі көшелердің бірі. Бұл көше Кеңес дәуірінде кеңейтіліп, қайта салынып, қаланың батыс қақпасы мен орталық базарын жалғастырып жатқан үлкен көше болды. Кеңес дәуірінде «Коммунистік» көшесі деп аталған. Егемендік алған соң бұл көшеге қазақ халқының төбе биі, халқымыздың басына ауыр күн туған жоңғар-қалмақ шапқыншылығы кезінде елді, оның бірлігін сақтап қалуға мол үлес қосқан көрнекті саяси қайраткер Төле бидің есімі берілді. Көше қайта кеңейтіліп, 1996 ж. 14 ақпанда Төле би даңғылы деп өзгертілді. Тараз энциклопедиясы Сілтемелер

Санат:Тараз көшелері