Шяуляй (, , 1917 жылға дейін — Шавли, Шавель) — Литваның солтүстігіндегі қала, тұрғындар саны бойынша республикада төртінші ірі қала; Шяуляй уезі мен Шяуляй аудандарының әкімшілік орталығы. Үлкен өнеркәсіптік және мәдени орталық. Шяуляй университеті, Шяуляй драма театры, бірнеше мұражайлар, соның ішінде Велосипед мұражайы, Фотография мұражайы, Радио және теледидар мұражайы, Мысық мұражайы және Аушра жергілікті мұражайы бар. Қаланың тарихи орталығы Литва Республикасының мәдени мұралар тізіміне енгізілген және мемлекет тарапынан қорғалады. Дереккөздер

Санат:Литва қалалары