Тілеуқабыл Төребеков (17.4. 1925, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылы) – соғыс және еңбек ардагері. Алматы Жоғарғы партия мектебін бітірген (1959).

1941 – 1943 ж. Ақкөл ұжымшарындағы сүт-тауар фермасының есепшісі,

1945 – 1950 ж. әскер қатарында қызмет етті,

1950 – 55 ж. облысы партия к-тінде насихатшы, 1-хатшының көмекшісі, бөлім меңгерушісі, нұсқаушы,

1959 – 1960 ж. облыстық тамақ өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы,

1960 – 1966 ж. облысы партия к-тінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі,

1966 – 1970 ж. Жамбыл қ. партия к-тінің 2-хатшысы,

1970 – 1983 ж. қалалық атқару комитетінің төрағасы,

1983 – 1987 ж. орта мектеп директоры.

1995 жылдан соғыс, еңбек және Қарулы күштер ардагерлерінің облысы кеңесінің төрағасы.

ІІІ дәрежелі «Даңқ», Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.Тараз энциклопедиясы Сілтемелер

Санат:17 сәуірде туғандар Санат:1925 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Жамбыл облысы) туғандар Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Даңқ орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері

Санат:Тұлғалар Санат:Тарих