Долдаш Әлісов (17 қыркүйек 1902, Ақмола губерниясы, Азат уезі, 2-аул — 2 қараша 1961, Қызылорда қаласы) — партия және кеңес қайраткері.https://kitapkhana.kz/707-lisov-doldash.html

1920–1929 жылдары Ақмола уезінің Тыныбай ауыл шаруашылық артелінде еңбек етті. 1929 жылы қаржы агенттігі курсын, 1949 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін тәмамдады.

1930–1932 жылдары Қарағанды облысының Қарқаралы және Ворошилов (қазіргі Бұқар жырау) аудандары атқару комитетінің төрағасы болды. 1939–1942 жылдары Ақмола облыстық қаржы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, кейін меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1943–1950 жылдары Ақтөбе облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.

1950 жылдан өмірінің соңына дейін еңбекшілер депутаттары Қызылорда қалалық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасын екі мәрте алған.https://old.aqmeshit-aptalygy.kz/zanalyk/3965-el-zhregndeg-esm.html

1974 жылы Қызылорда қаласының құрметті азаматы атағы берілді. Қызылорда қаласындағы көшелердің біріне Долдаш Әлісовтің есімі берілген.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысында туғандар