Португалия ұлттық футзал құрамасы — халықаралық футзал жарыстарында Португалияның намысын қорғайтын ұлттық команда. Бақылаушы органы — Португалия футбол федерациясы. Қазіргі таңда бұл ұжым әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте Бразилиядан кейін 2-орында.

Португалия соңғы екі Еуропа чемпионатын барлық ойында жеңіске жетіп аяқтады, сондай-ақ 2021 жылғы әлем чемпионатында алтын иеленіп, 2022 жылғы Финалиссимада жеңімпаз атанды. Команданың футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңдеріндегі жеңісті сериясы 16 матчқа жетті (бұл ретте оның тоғызында португалиялықтар есепте артта қалып қойып, кейін жеңісті жұлып алған), ал іріктеу кезеңдерін есепке алғанда 20 матчты құрайды — бұл екі көрсеткіш те рекорд саналады.

ЕВРО-2026 турнирінде португалиялықтар қазірдің өзінде 26 гол соқты. Оларға Испания орнатқан турнирдің абсолюттік рекордын (2010 және 2016 жылдары 27 гол) жаңарту үшін небәрі бір доп жетпей тұр.

Тархы Португалиядағы футзалдың бастауы өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңына жатады. Ол кезде, әсіресе жаз мезгілінде, жабық ғимараттарда үлкен футбол турнирлері өткізілетін. Осы турнирлерге қатысушылардың бір тобы ережелері бірыңғай және барлығына ортақ пайда әкелетін жарыстар ұйымдастыру идеясын көтеріп, Порту, Лиссабон және Минью қалаларында алғашқы қауымдастықтардың құрылуына түрткі болды.

Спорттың бұл түрі бойынша алғашқы конгресс 1986 жылы 8 қарашада Порту қаласында Порту залындағы футбол қауымдастығының (AFSP) бастамасымен өтті. Жиында Порту, Минью, Рибатежу, Авейру және Лиссабон қауымдастықтарының өкілдері қатысып, Португалия залындағы футбол федерациясын (FPFS) құруды мақұлдады. Сол кезде телекс аппараты тек Портуда болғандықтан, 1-ші Ұлттық чемпионаттың нәтижелерін осы қала орталықтандырып жинайтын болды.

FPFS-тің алғашқы құрамында Паулу Реложиу және Хосе Эдуардо сияқты танымал тұлғалар, сондай-ақ Руи Товар, Фернанду Коррейя және аты аңызға айналған Эйсебио сияқты кеңесшілер болды.

1990 жыл Португалия футзалы үшін бетбұрысты кезең болды. Портуда өткен Еуропа чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін, FPFS «залындағы футбол» (futebol de salão) форматынан бас тартып, Португалия футзал федерациясын құрды. Көп ұзамай бұл құрылым Португалия футбол федерациясына (FPF) біріктірілді.

Осы революциямен бірге доптың көлемін үлкейту, айып алаңында ойнауға рұқсат беру, жеке және командалық фолдарды енгізу, 10 метрлік айып соққысы (дабл-пенальти) сияқты жаңа ережелер пайда болды. Жаңа ережелер бойынша өткен алғашқы чемпионатта «Спортинг Лиссабон» жеңімпаз атанды.

Жетістіктері

Гватемала-2000 Әлем чемпионаты: Португалия алғаш рет әлемдік деңгейде 3-ші орын алып, тарихи нәтиже көрсетті. Венгрия-2010 Еуропа чемпионаты: Финалда Испаниядан жеңіліп (4-2), алғаш рет күміс жүлдегер атанды. Словения-2018 Еуропа чемпионаты: Жорж Браздың баптауымен Португалия финалда Испанияны жеңіп, алғаш рет Еуропа чемпионы атанды. Бұл турнирде Рикардиньо үздік ойыншы атанды. Литва-2021 Әлем чемпионаты: Ширек финалда Испанияны, жартылай финалда Қазақстанды (пенальти арқылы), ал финалда Аргентинаны жеңіп, Португалия алғаш рет Әлем чемпионы атанды. Нидерланды-2022 Еуропа чемпионаты: Рикардиньосыз-ақ Португалия құрамасы жас таланттардың арқасында финалда Ресейді 4-2 есебімен жеңіп, екінші мәрте Еуропа чемпионы атанды. Осылайша олар «Еуропа-Әлем-Еуропа» тізбегін қатарынан ұтқан жалғыз команда болды.

ФИФА әлем чемпионатының кестесі ФИФА футзалдан әлем чемпионатындағы көрсеткіштері Жыл Кезең Ойындар Жеңіс Тең Жеңіліс СГ ЖГ 1989 Қатыспады 1992 Квалификациядан өтпеді 1996 2000 Үшінші орын 8 5 0 3 23 23 2004 Екінші кезең 6 3 1 2 18 8 2008 Бірінші кезең 4 3 0 1 15 8 2012 Ширек финал 5 2 1 2 18 14 2016 Төртінші орын 7 4 2 1 26 11 2021 Чемпион 7 5 2 0 26 12 2024 1/8 финал 4 3 0 1 18 6 Барлығы 1 Титул 40 25 6 10 144 81

УЕФА Еуропа чемпионатының кестесі УЕФА футзалдан Еуропа чемпионатындағы көрсеткіштері Жыл Кезең Ойындар Жеңіс Тең Жеңіліс СГ ЖГ 1996 Квалификациядан өтпеді 1999 Топтық кезең 3 0 2 1 4 6 2001 Квалификациядан өтпеді 2003 Топтық кезең 3 1 1 1 10 12 2005 Топтық кезең 3 1 0 2 9 14 2007 Төртінші орын 5 2 1 2 13 7 2010 Финалист 5 1 2 2 12 14 2012 Ширек финал 3 2 0 1 7 5 2014 Төртінші орын 5 2 1 2 18 17 2016 Ширек финал 3 1 0 2 9 11 2018 Чемпион 5 5 0 0 23 9 2022 Чемпион 6 6 0 0 19 9 2026 Финал 5 5 0 0 26 8 Барлығы 2 Титул 46 24 7 13 150 112 Футзал Финалиссимасындағы көрсеткіштері Жыл Кезең Ойындар Жеңіс Тең Жеңіліс СГ ЖГ 2022 Чемпион 2 1 1 0 3 2 Барлығы 1 Титул 2 1 1 0 3 2

Құрамы (2026) № Поз. Ойыншы Туған күні (жасы) Матчтар Голдар Клубы Қақпашылар 1 Қақ Эду 29 11 0 12 Қақ Бернарду Пасо 25 7 0 Sporting CP Қорғаушылар 2 Қор Андре Коэлью 32 11 3 Benfica 3 Қор Томаш Пасо 25 5 3 Sporting CP 4 Қор Афонсу Жезуш 28 11 1 Benfica 8 Қор Эрик 30 7 2 Барселона 9 Қор Диогу Сантуш 23 11 9 Спортинг 10 Қор Бруну Коэлью 38 11 3 Рига Шабуылшылар 5 Шаб Рубен Гойш 24 5 3 6 Шаб Кучи 23 7 3 Бенфика 7 Шаб Лусиу Роша 21 11 8 Бенфика 11 Шаб Пани Варела 36 11 8 Sporting CP 13 Шаб Тьягу Бриту 34 9 1 Брага 14 Шаб Паулета 31 7 1 Спортинг

Бас бапкер: Жорж Брас

Футзал тарихындағы тұлғалар Рикардиньо (Ricardinho) – «Сиқыршы» (O Mágico). Әлемнің 6 дүркін үздік ойыншысы. 2018 жылғы Еуропа және 2021 жылғы Әлем чемпионатының үздік ойыншысы. Пани Варела (Pany Varela) – 2021 жылғы Әлем чемпионаты финалындағы қос голдың авторы. Зикки Те (Zicky Té) – 2022 жылғы Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы. Андре Коэлью (André Coelho) Бруну Коэлью (Bruno Coelho) Жорж Браз (Jorge Braz) – Құраманы Әлем және екі дүркін Еуропа чемпионы деңгейіне жеткізген аңызға айналған жаттықтырушы.

Құрама ойындары Футзалдан әлем чемпионаты 2024

Футзалдан Еуропа чемпионаты 2026

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша ұлттық футзал құрамалары Санат:Еуропа футзал құрамалары