Тұрар Рысқұлов ескерткіші – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер ескерткіші.
Орналасқан жері Тараз қаласы, Абай көшесіндегі Абай атындағы мәдениет және демалыс саябағының кіреберісінде орналасқан.
Кезеңі, авторы 1994 жылы; мүсінші – Ю. Баймұқашев, сәулетші – Т. Жұмағалиев.
Тарихи дерек, сипаты Ескерткіш 1994 жылы Тұрар Рысқұловтың туғанына 100 жыл толу мерекесіне орай қойылды. Ескерткішті ашу салтанатына Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның президенттері қатысты. Ескерткіштің композициясы – мінбе түрінде жасалған гранит тұғырға орнатылған қола мүсін. Тұғыр көтеріңкі табанның үстіне қойылып, жылтыр қызыл гранитпен қапталған. Оның беталдына бедерлі етіп «Тұрар Рысқұлов» деп жазылып, айналасы оюлармен көмкерілген. Тұғырдың биіктігі 1,7 м, фигураның биіктігі 4 м.Тараз энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Жамбыл облысы сәулеті Санат:Жамбыл облысы ескерткіштері