Абдалдар (ауғанша: әбделилер, дүррәнилер) — басым көпшілігі Ауғанстанда тұратын үлкен тайпалар бірлестігі. 1747 жылдан бастап дүррәнилер аталады. Жалпы саны 2 млн. адамнан асады (1997). Олардың үлкен бір тобы Пәкістанда тұрады. Егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысады. Біраз бөлігі көшпелі тұрмыс-салтын сақтаған. Олар 18 ғасырдың орта шеніндегі Ауғанстан тәуелсіздігі жолындағы күреске белсене қатысты. Ауғанстанның мемлекеттік құрылымы мен әскерінің құрамында елеулі рөл атқарды. Мұсылман дінін ұстанады. Пушту тілі диалектілерінің бірінде сөйлейді.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Халықтар Санат:Ауғанстан халықтары Санат:Пәкістан халықтары