Айнұр Қанапияқызы Әбдина (19 қараша 1968, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы) — философия ғылымының докторы (2007).

Еңбек жолдары 1991 жылы Беларусь мемлекеттік университетін, 1997 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аспирантурасын бітірген. 1993-94 жылдары Семей педагогикалық институтында оқытушы, 1998-2000 жылдары Қазақ қаржы-экономия академиясында кафедра меңгерушісі, 2000-02 жылдары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясы ғылыми институтында директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Қазақ агротехникалық университетінде кафедра меңгерушісі, проректор, аға ғылыми қызметкер, доцент, 2012 жылдан университеттің Білім беру технологиялары жəне гуманитарлық зерттеулер орталығының директоры.

Еңбектері "Человек в системе целостной культуры" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты: философиялық антропология жəне мəдениет философиясы, т.б. 90-нан астам ғылыми еңбектің, 1 монография, 2 оқулық пен 2 оқу құралының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Философия ғылымдарының докторлары