Қымбат Қабидолдақызы Байсарина — тарих ғылымының докторы (2007).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1957 жылы 15 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, би Боранбай ауылында туған. ҚазМУ-ды (1979, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Семей зоотехникалық-малдəрігерлік институтында (1979-1993), Семей мемлекеттік педагогикалық институтында (1993-96), Семей мемлекеттік университетінде (1996-2007) ғылыми педагогикалық қызметпен айналысты. 2007 жылдан Семей мемлекеттік педагогикалық институтында профессор.

Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы. "Қазақстанда ауылшаруашылығының дамуы: тарихы жəне сабақтары (1946-1965 жж.)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 70-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монография мен 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Тарих ғылымдарының докторлары