Үшінші дүниежүзілік соғыс — Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардан кейінгі планетарлық ауқымдағы болжамды үшінші қарулы қақтығыс. Бұл термин алғаш рет 1941 жылы қолданылған. 300px|thumb|XX ғасырдан бері ядролық қару ықтимал Үшінші дүниежүзілік соғыстың басты нышаны болып қала бермек. Ядролық соғыс бүкіл адамзаттың жойылуына немесе Жер бетіндегі тіршіліктің толықтай тоқтауына әкеп соқтыруы мүмкін. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына қарай ядролық қарудың белсенді түрде жасалуы мен қолданылуы, сондай-ақ кейіннен оның бірқатар елдердің иелігіне өтуі салдарынан, жаңа дүниежүзілік соғыс болған жағдайда адамзат өркениетінің жойылуы, адамның биологиялық түр ретінде және Жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің жоғалып кету қаупі бар. Жоғарыда айтылғандар Үшінші дүниежүзілік соғыс туралы түрлі талқылаулардың ортақ тақырыбы болып табылады. Табиғи апаттардан айырмашылығы — адам қолымен жасалатын тағы бір қасірет — биологиялық соғыс та ауқымды құрбандарға әкелуі мүмкін. Болжам бойынша, мұндай әсерлер Жер бетін тіршілік етуге жарамсыз күйге түсіруі ықтимал.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін-ақ, Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914–1918) «бүкіл соғыстарды тоқтататын соғыс» болады деп есептелген болатын. Адамзат мұндай жойқын ауқымдағы әрі тығырыққа тірелген жаһандық қақтығысты көргеннен кейін, алдағы уақытта мұндай сұмдық қайталанбайды деп сенді. Екі соғыс арасындағы кезеңде Бірінші дүниежүзілік соғысты әдетте жай ғана «Ұлы соғыс» деп атайтын. Алайда 1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен адамзаттың «жаһандық соғыстар дертінен айықтық» деген соңғы үміті де үзілді.

1946 жылы «Қырғи-қабақ соғыстың» басталуы және ядролық қару технологиясының таралуымен үшінші жаһандық қақтығыстың орын алу ықтималдығы арта түсті. «Қырғи-қабақ соғыс» жылдарында көптеген елдердің әскери сарапшылары Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін болжады. Оның сценарийлері қарапайым соғыстан бастап, шектеулі немесе жаппай ядролық соғысқа дейін түрленді. Сол кезеңде «өзара кепілдендірілген жою» () деп аталатын доктрина алға тартылды. Онда жаһандық ядролық текетірестің планетадағы бүкіл адамзат баласын жойып жіберетіні айқындалды. Адамзаттың түгелдей жойылып кету қаупі, бәлкім, Америка мен Кеңес одағы басшыларын мұндай қасіретті сценарийден аулақ болуға итермелеген негізгі фактор болса керек.

Алғашқы қолданыс Time журналы «Үшінші дүниежүзілік соғыс» терминінің бастамашысы болмаса да, кез келген жағдайда оны алғашқылардың бірі болып қолданысқа енгізді. Бұл термин алғаш рет журналдың 1941 жылғы 3 қарашадағы шығарылымында (Жапонияның 1941 жылғы 7 желтоқсандағы Перл-Харборға шабуылына дейін) «Ұлттық істер» бөліміндегі «Үшінші дүниежүзілік соғыс?» атты мақалада пайда болған. Онда Америка Құрама Штаттарына жаңадан келген нацистік босқын, доктор Герман Раушнинг туралы баяндалады. ​1943 жылғы 22 наурыздағы «Халықаралық жаңалықтар» бөлімінде Time журналы «Үшінші дүниежүзілік соғыс?» деген тақырыпты тағы да қолданып, АҚШ-тың сол кездегі вице-президенті Генри А. Уоллестің: «Біз 1943 немесе 1944 жылы... Үшінші дүниежүзілік соғыстың дәнін себуді бастау-бастамау туралы шешім қабылдаймыз» деген мәлімдемесін жариялады. Time осы терминді онжылдықтың соңына дейін (және одан кейін де) өз мақалаларында қолдануды жалғастырды: 1944, 1945, 1946 («бактериологиялық соғыс»), 1947, 1948. Басылым бұл терминді бүгінгі күнге дейін қолданып келеді.

Тағы қараңыз Бірінші дүниежүзілік соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс

Дереккөздер

Санат:Үшінші дүниежүзілік соғыс