Баян Нұрсұлтанқызы Жұбатова — филология ғылымының докторы (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1961 жылы 28 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған.
ҚазМУ-ды (1985, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Университетті аяқтаған соң ҚазКСР Орталық музейінде (қазіргі Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы) кіші ғылыми қызметкер (1985-89), Қазақ ұлттық университетінде оқытушы, аға оқытушы, шығыстану факультеті əдістеме бюросының төрайымы, деканның оқу-əдістеме жұмысы жөніндегі орынбасары, арабтану кафедрасының доценті, арабтану кафедрасының меңгерушісі (1989-2011) қызметтерін атқарды. 2011-2017 жылдары шығыстану факультетінің деканы болды.
Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми бағыты лингвистика саласы, мəдени-тілдік байланыстар мəселелері. "Қазақ тіліндегі араб, парсылық фразеологизмдер" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 40-тан астам мақалалары республикалық жəне шетелдік басылымдарда (Египет, Ресей, Өзбекстан, Түркия) жарық көрген, мектепке, университет студенттеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" грантының иегері (2012); "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі (2012).
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Университет Фараби. Шығыстану факультеті.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары