Райса Нұрғалиқызы Нұржанова (23 мамыр 1931, Петропавл, Қазақ АКСР, КСРО — 2 мамыр 2004, Семей, Қазақстан) — фтизиатр дәрігер, Социалистік еңбек ері (1978). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1978).
Өмірбаяны 1931 жылғы 23 мамырда Қазақ АКСР-і Петропавл қаласында туған.
Орта мектепті және фельдшерлік-акушерлік училищені, 1958 жылы Алматы медициналық институтын бітірген.
Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл-Қастек ауылында дәрігер болып жұмыс істеген.
1959 жылдан 1963 жылға дейін педиатр болып жұмыс істеген, 1963 жылдан бастап Семейдегі туберкулезге қарсы диспансерде фтизиатр қызметін атқарған.
Дәрігерлік қызметінде ауруларды диагностикалау мен алдын алу саласында озық әдістерді енгізген. Халық денсаулығын дамытудағы елеулі еңбегі үшін 1978 жылғы 23 қазанғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Еңбек Қызыл Ту ордені мен «Балға мен орақ» алтын медалімен бірге Ленин ордені атағына ие болған.
Семей қаласында тұрған, 2004 жылғы 2 мамырда қайтыс болған. Ескі қала зиратында жерленген.
Марапаттары Социалистік Еңбек Геройы — 1978 жылғы 23 қазанғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен берілген; Ленин ордені (1978); Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі.
Дереккөздер
Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:КСРО фтизиатрлары Санат:Қазақстан фтизиатрлары Санат:Семейде жерленгендер