Гүлзипа Орынтайқызы Нұрғалиева — химия ғылымының докторы (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1965 жылы 1 қарашада қазіргі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Сарыбел ауылында туған.
ҚазМУ-ды (1988, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), Химия ғылымдары институтының аспирантурасын (1998) бітірген. Химия ғылымдары институтында аға лаборант, инженер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер (1988-2008), 2008 жылдан жетекші ғылыми қызметкер.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – минералды және органо-минералды тыңайтқыштар алудың химиясы мен технологиясы. "Қоңыр көмір мен фосфоритті қайта өңдеу арқылы гуминді қосылыстар, тыңайтқыштар мен композициялық материалдарды алудың физикалық негіздерін жасау" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 30-дан астам ғылыми еңбектің, 2 патенттің, 2 алдан ала патенттің, 2 инновациялық патенттің авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Нургалиева Гулзипа Орынтаевна.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері