Джон Льюис «Ян» Холл (; 21 тамыз 1934, Денвер, Колорадо, АҚШ) — американдық физик, Теодор Хеншпен бірлесіп, «жоғары дәлдіктегі лазерлік спектроскопияны дамытуға және оптикалық жиілік стандарттарындағы жарық ығысуын дәл есептеу техникасына қосқан үлесі үшін» 2005 жылы физика бойынша Нобель сыйлығын алды.

Карнеги технологиялық институтында (Carnegie Institute of Technology) бакалавр (1956), магистр (1958 ) және докторлық (1961) дәрежесін алды. Постдокторантуралық зерттеуін Ұлттық стандарттар және технологиялар университетінде аяқтады, сонда 1962 жылдан 2004 жылы зейнетке шыққанға дейін жұмыс істеді. 1967 жылдан бастап Боулдердегі Колорадо университетінде дәріс оқыды.

Марапаттар 1984 — Таунс сыйлығы 1988 — Дэвиссон−Джермер сыйлығы 1991 — Фредерик Айвс медалі 1992 — Einstein Prize for Laser Science 1993 — Лазерлік физика бойынша Артур Шоулоу сыйлығы 2002 — Макс Борн сыйлығы 2005 — Физика бойынша Нобель сыйлығы

Әлеуметтік іс-шаралар 2016 жылы ол Greenpeace ұйымын, Біріккен Ұлттар Ұйымын және бүкіл әлемдегі үкіметтерді генетикалық түрлендірілген организмдерге (ГМО) қарсы күресті тоқтатуға шақыратын хатқа қол қойды.

Дереккөздер

Сілтемелер

Дж. Л. Холл. «Определение и измерение оптических частот: перспективы оптических часов — и не только». Нобелевская лекция // Успехи физических наук, 176-том, 12-шығарылым, 2006 жылғы желтоқсан Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері мен корреспондент мүшелері Санат:Уикипедия:Ортаққорға сілтенген мақалалар Санат:Физиктер Санат:АҚШ физиктері