нобай|Львов мәдени мейрамханасындағы украинның қарапайым тағамы
Украин асханасы () — Украина халқының және украиндардың ұлттық тағамы. Ежелгі тарихы бар бұл тағамдар құрамында қара топырақтан өсетін өсімдіктерге толы. Дәстүрлі украин тағамдарын әзірлеу жиі күрделі болады – «алдымен олар қуырылады немесе қайнатылады, содан кейін бұқтырылады немесе пеште пісіріледі. Бұл — украин асханасының ең айқын ерекшелігі».
Украинның басты тағамы — қызылшадан жасалатын қызыл борщ атты сорпа. Вареники атты пісірілген тұшпараға ұқсас тағам мен голубцы делінетін қырыққабат орамасы да ұлттың сүйікті тағамдары қатарына жатады және дәстүрлі украин мейрамханаларында жиі ұсынылады.
Асхана әсіресе бидайдың, жалпы алғанда дәнді дақылдардың маңыздылығын ерекше атап көрсетеді. Украин тағамдарының басым бөлігі ежелгі шаруалар тағамдарынан шыққан, олар қара бидай сияқты мол дәнді ресурстарға, сондай-ақ картоп, қырыққабат, саңырауқұлақтар мен қызылша сияқты негізгі көкөністерге негізделген. Украин тағамдары дәстүрлі славяндық тәсілдерді де, басқа еуропалық әдістерді де қамтиды, бұл — ұзақ жылдар бойы болған шетелдік ықпал мен басқарудың нәтижесі. Кейде шетелдегі украин диаспорасының тағамы Украинадағы украин асханадан ерекшеленеді.
Кеңес өкіметі кезеңінде украин асханасы айтарлықтай стандарттаудан өтті, ал тұтыну тауарларының жетіспеушілігі көптеген түпнұсқа рецепттердің жоғалуына немесе олардың жеңілдетілген нұсқалармен алмастырылуына әкелді. Кеңестік кезеңде сондай-ақ басқа асханалардан көптеген тағамдар украиндардың күнделікті рационына енгізілді. Украина тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономиканың дамуы елдегі ас дайындау тәжірибесінде жаңа үрдістердің пайда болуына себеп болды, мысалы, өнеркәсіптік түрде дайындалған жартылай фабрикаттардың таралуы және мейрамхана мәдениетінің дамуы. Қазіргі украин асханасы жаңа тәсілдер мен ингредиенттерді қолданумен ерекшеленеді, бірақ сонымен бірге көптеген дәстүрлі элементтерді де сақтап келеді.
Уақыт өте келе украин тағамдары басқа да славян халықтарының тағамдарына тараған. Qazaqstan телеарнасы украин асханасын үш категорияға бөледі: шошқа еті, тұздалған көкөніс пен нандар. Телеарна сайты, оған қоса, құймақтар маңызын да айтып кетеді.
Украина мәдени мұрасының тағамдары нобай|Селезнёвкалық злеванка, Луганск облысы
ЮНЕСКО-ның Украинадағы материалды емес мәдени мұралар тізіміне осы тағамдар енеді:National List of Elements of the Intangible Cultural Heritage of Ukraine (03/24/2025) Авдеевка ботқасы — Авдеевкадан шыққан сүт, жұмыртқа және сары маймен пісірілген тәтті күріш ботқасы; Баница — бессарабиялық ірімшік пирогы; Борщ — көбіне қызылшадан жасалатын сорпа; Бузинник — аюбадамнан жасалған тәтті тағам; Голубцы — қырыққабат орамалары; Гуцулдық брынза — гуцулдардың қой сүтінен жасалған ірімшігі; Засыпана капуста — қырыққабат пен ботқадан жасалған тағам; Зозуля — тары мен көкнәр дәнінен жасалған тәтті ботқа; Кибинай — қарайымдардың еті бар пирогы; Левкар — закарпатьелік қантсыз қара өрік тосабы; Плацинда — бессарабиялық ірімшік пирогы; Псатырь — Украинадағы гректердің дәстүрлі наны; Сахновщиналық каравай — Сахновщинадан шыққан дәстүрлі нан; Слобожанщиналық панянки — безендірілген имбирь печеньелері; Селезнёвкалық злеванка — селезнёвкалық ет пен картоп қосылған ботқа. Бұл тағамның сұйық және қатты бөліктері бөлек беріледі; Чиберек, не янтық — Қырым татарларының тартылған ет салынған қуырылған бәліштері; Яворов пирогы — картоп пен қарақұмықтан жасалған яворовтық пирог.
Сорпалары Борщ нобай|оңға|Борщ украин халқының басты тағамы делінеді
Бірнеше деректер украин халқының басты тағамы деп борщ сорпаны белгілейді.
Борщ көбіне қызыл болса да, оның ингредиенттері кейде өзгеше де болады: Червоний борщ (қызыл борщ, көбіне жай борщ делінеді) — қызылша, қырыққабат, картоп, қызанақ, сәбіз, пияз, сарымсақ пен аскөктен жасалған көкөніс сорпасы. Украин борщының шамамен 30 түрі бар. Оның құрамына ет немесе балық қосылуы мүмкін. Қазіргі нұсқасы әдетте қызанақ немесе қызанақ өнімдерімен (мысалы, томат пастасы) қышқылдандырылса, дәстүрлі түрде оның орнына қызылша квасы қолданылған. Зелений борщ (жасыл борщ), не щавелевий борщ (қымыздық сорпа) — қымыздық пен түрлі көкөністерден жасалған, су немесе сорпа (бульон) негізіндегі көже; үстіне туралған қайнатылған жұмыртқа және қаймақ қосылып беріледі. Холодний борщ (суық борщ), не холодник — қаймақ, ашыған сүт, айран немесе йогурт сияқты қышқыл сүт өнімдерімен араластырылған көкөніс пен қызылша сорпасы; суық күйде, үстіне қайнатылған жұмыртқа қосылып беріледі. Білий борщ (ақ борщ) әр аймақта түрлі сорпа түрлерін білдіреді. Подольенің оңтүстігінде ақ борщ жаңа қант қызылшасынан, бұршақтан және көкөністерден дайындалады. Гуцул аймағында ол ашытылған ақ қызылша мен оның сұйықтығынан (квас), пияздан, сәбізден, қаймақтан және карпат ореганосынан жасалады. Полесьеде оның құрамына қант қызылшасы, қызылша квасы, қырыққабат, саңырауқұлақ, картоп және жаңа піскен шөптер кіреді.
2022 жылғы шілдеде, Ресейдің Украинаға басып кіруі барысында, ЮНЕСКО борщты Украина тағамы деп таныды.
Өзге сорпалар нобай|Қарақұмық көже Гороховий суп (бұршақ көже): кептірілген бұршақ пен көкөністен жасалған сорпа, жиі нанмен бірге беріледі. Гречаний суп (қарақұмық көже): қарақұмық, көкөніс пен кейде еттен жасалған сорпа. Затірка (затируха): ұсақ түйіршіктер қосылған көкөніс немесе ет сорпасы. Капусняк (қырыққабат көже): қырыққабат, шошқа еті, сало, бұршақтан жасалған көже, қаймақпен беріледі. Росольник (рассольник): сүрленген қиярдан жасалған көже. Солянка: еттен, балықтан немесе саңырауқұлақтан, сондай-ақ түрлі көкөністер мен тұздалған қиярлардан дайындалатын қою, ащы әрі қышқыл сорпа. Юшка: мөлдір сорпа; ең кең таралған түрі — рыбна юшка (балық юшка), ол сазан, табан балық, сом немесе тіпті тікенек балық сияқты түрлі балықтардан дайындалады. Тағы бір жиі кездесетін түрі — грибна юшка (саңырауқұлақ юшка).
Салаттар мен тәбет ашарлар нобай|Холодець
Бринза (брынза): ақ ірімшік немесе Карпат аймақтарынан шыққан қой не сиыр сүтінен жасалған ірімшік. Ковбаса (колбаса): шошқа, сиыр немесе тауық етінен жасалған түрлі ысталған немесе қайнатылған шұжық түрлері. Оның ерекше бір түрі — кров'янка, яғни қан шұжығы. Сало: малдың тұздалған майы. Әдетте туралған күйде, нанмен, пиязбен және желкек немесе ащы қыша тұздығымен бірге беріледі. Сондай-ақ оны қуырып (шкварки) немесе қайнатып та жейді. Ікра (уылдырық): май жағылған нан тілімдерінің үстіне қойылып беріледі. Холодець (холодец): еттен немесе балықтан жасалатын, желе тәрізді тағам. Оливье: қайнатылған және туралған картоп, тұздалған қияр, қайнатылған жұмыртқа, пісірілген тауық еті немесе ветчина, пияз бен бұршақ қосылып, майонезбен араластырылған салат. Вінегрет: қайнатылған және туралған қызылша, ашытылған қырыққабат, қайнатылған картоп, пияз бен сәбіз, кейде тұздалған қияр қосылып, күнбағыс майы мен тұзбен араластырылған салат.
Нан мен бидай нобай|Украин дәстүрлі паскасы
Нан мен бидай өнімдері украин асханасында маңызды орын алады. Француз жазушысы Оноре де Бальзак 1848 жылғы Украинаға сапары кезінде нанның 77 жергілікті түрін санағанын айтқан. Мереке кезінде украин нан өнімдерінің бетіне жасалатын әшекейлер өте күрделі әрі сәнді болады. Бабка: Пасха наны, әдетте мейіз бен басқа кептірілген жемістер қосылған тәтті қамырдан жасалады. Көбіне биік, цилиндр пішінді қалыпта пісіріледі. Бублик: пісірер алдында қайнатылған қамырдан жасалатын сақина тәрізді нан-тоқаш. Ол бейглге ұқсайды, бірақ әдетте сәл үлкенірек және тесігі кеңірек болады. Колач: көбіне Рождество мен жерлеу рәсімдерінде ұсынылатын сақина тәрізді нан. Қамыры өріліп, жиі үш жіптен жасалады — бұл Қасиетті Үштікті білдіреді. Өрім шеңберге келтіріліп, өмір мен отбасының тұйық циклін бейнелейді. Коровай: колачқа ұқсас, үйлену тойларында жиі пісірілетін дөңгелек өрме нан. Оның үсті көбіне құстар, не гүлдермен безендіріледі. Паляниця: кәдімгі пісірілген нан (украин тілін білмейтіндер үшін айтылуы қиын сөз ретінде белгілі). Тұзды пампушка: жұмсақ, үлпілдек нан-тоқаштар немесе қуырылған қамыр бөліктері, үстіне сарымсақ майы жағылады. Паска: Пасха мерекесіне жасалатын дәстүрлі тәтті нан.
Басты астары Бануш, не банош: жүгері ұнынан жасалатын ботқа тәрізді тағам. Киев котлеті (котлета по-київськи): сары май мен жаңа піскен шөптер салынған Киев стиліндегі тауық котлеті. Деруни: картоптан жасалатын құймақ, әдетте қаймақпен бірге беріледі. Балық (риба): түрлі түрде әзірлене алады. Галушки: ашытылған қамырды буға пісіріп жасалатын дәстүрлі украин тағамы; сорпаға қосымша ретінде немесе түрлі салмалармен жеке тағам ретінде беріледі. Полтава қаласына тән нұсқасы — тауық еті мен қаймақ қосылған галушки. Голубці: қырыққабат жапырақтарына (кейде жүзім жапырағына) күріш немесе тары салмасы оралып жасалатын тағам; ішіне тартылған сиыр немесе шошқа еті қосылуы мүмкін, пиязбен бірге бұқтырылады және томат соусы, қаймақ немесе шошқа майымен беріледі. Гуляш: жалпы бұқтырма тағамын білдіреді. Кейде нақты гуляштың закарпатьелік нұсқасын білдіреді. Каша (ботқа): әдетте қарақұмық, бидай, арпа, қара бидай, тары, күріш, сұлы немесе жүгеріден жасалады. Ерекше бір түрі — қуырылған шошқа майы мен пияз қосылған қарақұмық ботқасы (кaша гречана зі шкварками). Картопляники: ұн мен жұмыртқа қосылған картоп езбесінен жасалып қуырылған түйіршіктер; ішіне салма салынуы мүмкін. Котлети немесе січеники (котлеттер, фрикадельки): тартылған ет немесе балық қосылған пияз, шикі жұмыртқа, нан үгіндісі немесе нанмен араластырылып, кейде сарымсақ пен сүт қосылып, майда қуырылады және кейде нан үгіндісіне аунатылады. Вареники: тұшпаралар түрі.
Дереккөздер