Мұхаммед Әмин-и Бұхари (; 1655–1712) — Бұхара хандығы дәуірінің тарихшысы.

Өмірбаяны Бұхаралық тарихшы Мір Мұхаммед Әмин-и Бұхари 1655 жылы Бұхарада дүниеге келген.

​Ол бастауыш білімін Бұхарада алған.

Мір Мұхаммед Әмин-и Бұхари өзбек билеушілері — Жәнилер (Аштархан) әулетінің өкілдері Сұбханқұл хан мен II Ұбайдулла ханның сарайында қызмет етті.

Оның басты еңбегі «Ұбайдулла-наме» бұхаралық тарихшы Мұхаммед Юсуфтың «Мукимхан тарихы» атты еңбегінің жалғасы болып табылады. Шығармада XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы Бұхара хандығының саяси тарихы туралы деректер келтірілген. Әмин-и Бұхаридің бұл еңбегі кезінде біртұтас болған өзбек мемлекетінің басталған күйреу кезеңін суреттейді.Мир Мухаммед Амин-и Бухари. Убайдалла-наме. Перевод А. А. Семенова. Ташкент. АН УзССР. 1957.

Қайтыс болуы ​Мір Мұхаммед Әмін-и Бұхари 1712 жылдан кейін қайтыс болған.

Әдебиет Анке фон Кюгельген, Легитимизация среднеазиатской династии мангитов в произведениях их историков (XVIII–XIX вв.). Алматы: Дайк пресс, 2004 Мир Мухаммед Амин-и Бухари. Убайдалла-наме. Перевод А.А. Семенова. Ташкент: АН УзССР. 1957

Дереккөздер

Санат:Өзбекстан тарихы Санат:Орталық Азия тарихы Санат:XVIII ғасыр тарихшылары Санат:Бұхара хандығы тарихшылары Санат:Бұхара хандығы ғалымдары Санат:Өзбек хандықтарының мәдениет және өнер қайраткерлері