Низамаддин Урганжи (; 1871, Бұхара — 1921, Хисар, Бұхара әмірлігі) — мемлекет және әскери қайраткер, Бұхара әмірлігінің құшбегісі — премьер-министрі (1917–1920).

Шығу тегі ​Низамаддин Урганжи шығу тегі бойынша өзбектердің үргенжі тобынан шыққан, Бұхарада дүниеге келген. Үргенжі тобының түп-тамыры Хорезмнен бастау алады, оның астанасы XVII ғасырға дейін Үргеніш қаласы болған. «Үргенжі» атауы да осыған байланысты шыққан. Орыс тілінде — Ургенч, ал өзбек тілінде — Урганч, Урганж.

Саяси және әскери қызметі ​Әмір Сейіт Әлім хан билік еткен кезеңде Шаржүй бегі лауазымын атқарды, кейіннен диуанбегі болып тағайындалды. 1917 жылдың сәуірінде Бұхарадағы Ресей саяси агенттігінің басшысы А.Я. Миллердің талап етуімен Бұхара коменданты болып тағайындалды. Ал Насрулла би құшбегі лауазымынан шеттетілгеннен кейін, ол Бұхара әмірлігінің жоғарғы құшбегісі болып тағайындалды.Мирза Салимбек. Тарих-и Салими (Источник по истории Бухарского эмирата). Перевод Н.Норкулова. Ташкент: Akademiya. 2009 Оның есімі Бұхарадағы реформатор-жәдиттерге қарсы жүргізілген қатал қуғын-сүргінмен (репрессиялармен) тығыз байланысты. 1920 жылы әмірмен бірге Бұхарадан қашып кетті.

Қайтыс болуы ​Низамаддин Урганжи құшбегі 1921 жылы Бұхарадан қашқан кезде Ғиссарда қайтыс болды.

Әдебиет Мирза Салимбек. Тарих-и Салими (Источник по истории Бухарского эмирата). Перевод Н.Норкулова. Ташкент: Akademiya. 2009

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер Санат:Бұхара құшбегілері Санат:Шаржүй бектері