«Аве Мария жобасы» () — режиссерлер Фил Лорд пен Кристофер Миллер түсірген 2026 жылғы америкалық ғылыми фантастикалық фильм. Сценарийін Энди Уирдің аттас романының желісімен Дрю Годдард жазған. Фильмдегі басты рөлді Райан Гослинг сомдайды.
Фильм жұлдызаралық ғарыш кемесінде есін жиған, бірақ онда қалай тап болғанын мүлдем білмейтін Райленд Грейс есімді кейіпкер туралы баяндайды. «Аве Мария жобасының» премьерасы 2026 жылғы 9 наурызда Лондонда өтіп, 20 наурызда АҚШ-та Amazon MGM Studios, ал өзге елдерде Sony Pictures Releasing International арқылы прокатқа шықты. Сыншылардан өте жоғары баға алған туынды 538 миллион доллар табыс тауып, 2026 жылдың ең кассалық фильмдерінің үштігіне енді.
Сюжеті Мектеп мұғалімі Райленд Грейс Күн жүйесінен 12 жарық жылы қашықтықтағы жұлдызаралық ғарыш кемесінде есін жияды. Уақыт өте келе оның жады біртіндеп қалпына келе бастайды. Райленд — Тау Кит жұлдызына аттанған ғарыш кемесі экипажының тірі қалған жалғыз мүшесі. Ол әлемді жойылудан сақтап қалуға тиіс «Аве Мария» бағдарламасының өкілі. «Астрофаг» деп аталатын ғарыштық «бактерия» жұлдыздарға зақым келтіріп, олардың энергия бөлуіне кедергі жасайды. Жер тұрғындары галактикадағы барлық жұлдыздардың осы бактериядан зардап шеккенін, тек біреуінің ғана аман қалғанын анықтап, сонда экспедиция жібереді. Адамзаттың соңғы үміті — Райленд. Мақсатына жету жолында ол дәл осындай нәубетке ұшыраған 40 Эридан жұлдыздық жүйесінен келген өзге ғаламшарлық өкілмен кездеседі. Жер тұрғыны оған Рокки деген есім береді, енді олар экспедицияның мақсатына бірлесе жетуі тиіс.Ryan Gosling Makes an Alien Best Friend in ‘Project Hail Mary’ Super Bowl Trailer
Рөлдерде
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Фил Лорд пен Кристофер Миллер фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:2026 жылғы АҚШ фильмдері Санат:АҚШ шытырман оқиғалы фильмдері Санат:АҚШ ғылыми-фантастикалық фильмдері Санат:АҚШ романдарының экрандаулары Санат:Metro-Goldwyn-Mayer фильмдері Санат:Sony Pictures фильмдері Санат:АҚШ 3D фильмдері