Ерлан Еркінұлы Баттақов (9 қазан 1969 жыл, Қарағанды) — қазақстандық саясаткер, құрылысшы, есепші, 2019-2022 жылдары Президенттің Іс Басқарушысы.

Білімі 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын «құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі» мамандығы бойынша, 1997 жылы Мемлекеттік статистика комитеті мен Еңбек министрлігінің Республикалық салааралық біліктілікті жоғарылату институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Мансабы Еңбек жолын 1992-1995 жылдары Қарағанды политехникалық институтында құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі кафедрасының зерттеуші қызметкері болып бастаған.

1995-1996 жылдары — «Алатау Инвест» инвестициялық жекешелендiру қорының бас маманы, бас директордың инвестиция жөніндегі орынбасары.

1996 жылы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның Бағалы қағаздар нарығын реттеу басқармасының маманы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиялау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.

1996-2007 жылдары Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, қаржылық директоры болып қызмет атқарды.

2007-2012 жылдары — Президент Іс Басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің қаржы-талдау секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісі. 2012-2019 жылдары — Президент Іс басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары. 2019 жылғы 21 наурыздан бастап 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Президент іс басқармасын басқарды.Баттақов Ерлан Еркінұлы. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы

2022 жылғы 13 қаңтарда Сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды.Ерлан Баттақов ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды Бұл лауазымды сол жылдың 11 қазанына дейін атқарды.Арман Шаққалиев ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Отбасы Қарындасы Жәмила Баттақова (1973 ж. туған) — дәрігер, медицина ғылымдарының докторы. Ұлттық балаларды оңалту орталығының басқарма төрағасы (2023—2024).Баттакова Жамиля Еркинович (персональная справка)

Марапаттары «Құрмет» орденімен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Президентінің Іс басқарушылары Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері