GALANZ bottlers — Қазақстан мен Орталық Азиядағы алкогольсіз сусындар шығаратын ірі өндірістік компаниялардың бірі. Компания 1998 жылы құрылған және бүгінде салқын шай, ауыз суы, квас және басқа да газдалған сусындар нарығында танымал. Компанияның негізін қалаған және қазіргі кезде Директорлар кеңесінің төрағасы — Тұрсынғали Алагөзов.

Forbes Kazakhstan басылымы дайындайтын жылдық «Қазақстанның 75 ірі жеке компаниясы» рейтингісіндегі 2025 жылы – 54-орын, 2024 жыл – 48-орында болды.

Жылдық табысы 2018 жылы — 46,7 млрд теңге; 2019 жылы — 70,0 млрд теңге; 2020 жылы — 102,1 млрд теңге; 2021 жылы — 132,8 млрд теңге; 2022 жылы — 144,1 млрд теңге. Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша компанияның жылдық түсімі 64,55 млрд теңгені құрап, алдындағы жылмен салыстырғанда 12%-ға артты. Таза пайда –17,3 млрд теңгеге жетті (55% өсім). Компанияда 1000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Ашық деректер бойынша 2024 жылы 8 млрд теңге көлемінде, ал 2025 жылы 13 млрд теңге көлемінде салық төлеген.

Тарихы

Компания өз қызметін 1998 жылы 19 литрлік «Хрустальная» ауыз суын өндіру мен жеткізуден бастады.

2004 жылы Қазақстан нарығындағы алғашқы салқын шай — «Maxi Чай» брендін шығарды.

2012-2013 жылдары халықаралық ынтымақтастықты дамытып, «Laimon fresh» (Швейцария) және «Nestea» (Nestle Waters) сусындарын лицензия бойынша шығара бастады.

2016 жылы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша халықаралық ISO 22000:2005 сертификатын алды.

2023 жылы компания өзінің 25 жылдығын атап өтіп, ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) принциптеріне негізделген жаңа даму стратегиясына көшетінін жариялады.

2024 жылы «DAMU-2» жаңа зауыты іске қосылып, Шымкент сыра зауытының бақылау пакеті сатып алынды.

2025 жылы компания «DAMU-3» жаңа зауытын іске қосты.

Қоғамдық қызметі

2025 жылы компанияның 100 қызметкергіне 100 пәтер сыйға тартылды. Марапатталған қызметкерлердің кқпшілігі компанияның құрылған алғашқы күнінен қызмет етіп келеді. Қызметкерлердің ата-анасына зейнетақы бекіту

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы компаниялары