Нұрлы мекен ықшам ауданы — Қазақстандағы Сәтбаев қаласының құрамына кіретін ықшам аудан.

Географиясы Нұрлы мекен шағын ауданы Сәтбаев қаласының солтүстігінде орналасқан.

Тарихы 1988 жылғы қазанда кенді аймаққа КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Юрий Баталин бастаған комиссия келді. Облыстық атқару комитетінде өткен кеңесте тұрғын үй құрылысын жеделдету мәселесі қарастырылды. КСРО Түсті металлургия министрінің орынбасары Борис Колесников қосымша қаржы бөлуге уәде бергенімен, бұл бастамалар іс жүзінде жүзеге аспады.

Кейін КСРО-ның ыдырауы және экономикалық байланыстардың үзілуі өңірдегі өнеркәсіп орындарының жағдайын қиындатып, әлеуметтік мәселелерді одан әрі шиеленістірді. Осыған байланысты тұрғындарды көшіру мәселесі қайтадан күн тәртібіне шықты.

Бастапқыда «қауіпті аймақтан көшіру» ретінде қарастырылған мәселе кейін «жер қойнауын пайдалану мақсатында жер телімдерін мемлекет меншігіне алу» түрінде ресми сипат алды. Мемлекет көшіру шығындарын өз мойнына алып, бұл шараны Жезқазған–Ұлытау аймағын 2012–2020 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған кешенді жоспарға енгізді.

Жоспар аясында Жезқазған кенті мен оған іргелес бірнеше елді мекенді кезең-кезеңімен көшіруге республикалық бюджеттен 35,397 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 18,580 млрд теңге тұрғын үй құрылысына, ал 16,817 млрд теңге инженерлік және инфрақұрылым жүйелерін дамытуға бағытталды.

2015–2016 жылдары жалпы ауданы 71 мың шаршы метрді құрайтын бес қабатты 15 тұрғын үй пайдалануға берілді. 2016 жылы қосымша 25 тұрғын үйдің құрылысы басталып, 2017 жылы жалпы ауданы 104,3 мың шаршы метр болатын тағы 25 тұрғын үй іске қосылды.

2016–2020 жылдары қала аумағында 45 көпқабатты тұрғын үй салынып, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілді. Нәтижесінде жалпы ауданы 145 170,39 шаршы метрді құрайтын 2 199 пәтер пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 600 орындық орта мектеп, сот, прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарының ғимараттары салынды. «Ұлы дала» шағын маркет желісінің әлеуметтік павильондары, қалалық емхана және неке сарайы пайдалануға берілді.«Нұрлы-мекен» — жаңа ықшам аудан.

6-шы ықшам ауданға атау Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 68/02 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 245 «Туралы» шешімімен берілді.«Нұрлы мекен» ықшам ауданы

Дереккөздер

Санат:Сәтбаев аудандары